Есірткі бизнесіне қарсы күрес шынайы болуы тиіс

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған заңнама мәселелері бойынша жұртшылық өкілдерімен кездесу өткізді.

Елде есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл жөнiндегi қолда бар нормативтiк-құқықтық база, бiр қарағанда, ағымдағы проблемаларды шешуге толық жауап бередi. Алайда, заңгер Тамерлан Кәкеновтың пікірінше, барлығы олай емес.

– Полиция мен есірткі картельдеріне ыңғайлы жүйе құрылды, - деп есептейді Кәкенов. - Ол полицияға көрсеткіш жасау үшін, картельдерге – бизнес жасау үшін өте тиімді.

Қылмыстық құқықтың қолданыстағы нормаларына сәйкес есiрткi айналымы үшiн жауапкершiлiктiң барлық салмағы, шын мәнiнде, есiрткiнi қатардағы таратушыларға және тұтынушыларға түседі. Дәл соларды ең ауыр баптар бойынша ұзақ мерзімге соттайды, ал ұйымдастырушылар мен сату желісінің басшылары жауапкершіліктен сытылып кетеді. Оның үстіне, есірткі барондарына өздерінің «бағыныштыларын» ұстатып жіберіп, орнына жаңаларын жұмысқа алу тиімді. Қағаз жүзінде қылмыстың ашылу көрсеткішін жоғарылауға мүмкіндік жасайтын бұл жүйе полиция қызметіне де өте тиімді болып отыр.

– Заңнамалық түрде көрсеткіштерді арттыруға бағытталған тетіктері жоқ жүйені құру қажет, - деп есептейді Кәкенов.

Тағы бір проблема - заңнаманың түсініксіз болуы. Сіріңке қорабына салынған анаша үшін де, көлемі дәл сондай, бірақ, қуаты күшті синтетикалық есірткіні үшін де сатқан адам бірдей жаза алады. Алайда, осы есірткілерден келетін зиян мен олардың құнында айтарлықтай айырмашылық бар. Осындай кемшіліктерден кейін, Қазақстанда синтетикалық нашақорлық жетекші орында екенін болжау қиын емес.

– Мемлекеттің есірткі бизнесіне қатысты қатаң ұстанымы өте дұрыс, - деп санайды заңгер. - Бірақ есірткі бизнесімен шынайы күресу керек.

Магеррам Магеррамовтың пікірінше, заң шығарушылардың бұл саладағы жұмысы оңай емес.

– Бұл мәселені қоғаммен талқылау керек, - деп есептейді мәжілісмен. Себебі туған-туысқандары сол «титтей қораптар» үшін сотталған адамдар да бар. Олар өз жақындарын заңсыз және қатал жазаланды деп есептейді. Ал туған-туысқандарының осы есірткі батпағына батып кетуінен қорқатын адамдар да бар. Олар қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуды жақтайды.

Кепілгерлерге шамадан тыс адамгершілік болмауы тиіс екені түсінікті. Бірақ есірткі барондары ретінде сатушыларды саралау мен жазалаудың да пайдасы жоқ.

– Есірткі бизнесін ұйымдастырушылар үшін қылмыстық құрамы да ерекше, жеке қылмыстық бап қажет, - деп есептейді Магеррамов. - Олар әдетте есірткіні сақтамайды, өздері қайта өңдемейді және сатпайды, тек қана басқарады.

Депутаттың айтуынша, бұл мәселелер мұқият пысықталып, ғалымдармен, дәрігерлермен және заңгерлермен талқыланатын болады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy