Халық партиясы – халық капитализмін қолдайды

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, ҚХП төрағасының орынбасары Александр Милютин Абай облысындағы «Бүркітова» ЖШС ұжымымен кездесті.

А. Милютин ұжымға Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Оның айтуынша, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы Қазақстанда қалыптасқан кландық-олигархиялық капитализм жүйесінің халыққа қарсы мәнін көрсетті. Ел байлығының дені олигархтардың қолында. Қазақстан халқы кедейленіп, әділдікке деген сенімін жоғалтып жатыр.

Монополиялар ресурстарды рәсуалап, өмірдің барлық салаларындағы сыбайлас жемқорлық миллиондаған қарапайым адамдардың болашағына балта шабуда. Ресми дерек бойынша Қазақстанда 3 млн-ға жуық азамат кедейшіліктің кебін киіп отыр.

– Халық партиясы – халық капитализмін қолдайды. Бұл қуатты орта таптың қалыптасуы және әлеуметтік мемлекет құру деген сөз, – деді ол.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy