Халық партиясы тегін медицинаны қолдайды

3 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, ҚХП төрағасының орынбасары Александр Милютин «Семей су шаруашылығы» серіктестігінің ұжымымен кездесті.

Спикер ұжымға Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Партия «Жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі» деген ұсынысқа бастамашы болып, бұл түзету Конституцияға енгізілді. Халық партиясы – Халықтық капитализмді қолдайды. Бұл қуатты орта тап құру және билік пен байлық халыққа тиесілі қоғам құру дегенді білдіреді.

Кездесуде әлеуметтік саладағы мәселелер айтылды.

– Біз медицина мен білім саласының халыққа қолжетімді және тегін болғанын талап етеміз, – деді А.Милютин.

Бүгінде ең өзекті мәселе – жастардың баспанаға қол жеткізе алмай отырғаны. Халық партиясы осы ретте бұл санаттағылар үшін арнайы бағдарлама құруды ұсынуда. Бұл қоғамдағы шиеленісті азайтады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy