Халықты кибералаяқтардан қалай қорғаймыз?

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы азаматтарды кибералаяқтардан қорғаудың ең тиімді шараларын ұсынды. ҚХП депутаттары Ұлттық банкке елімізде онлайн несие беруге тыйым салуды, сондай-ақ азаматтардың кредиттеуге келіспеушілік презумпциясын енгізуді ұсынды.

Осы және басқа да мәселелер қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғауға арналған заң жобасын талқылау барысында қарастырылып жатыр. Жаңа заң жобасында ұсынылып отырған шаралардың бірі – SIM-карталарды тек e-Gov порталы арқылы сатып алу. Алайда, ҚХП фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамовтың айтуынша, оның пайдасы шамалы.

«Бұл қажетті нәтиже бермейді. Алаяқтар сим-карталарды жалған азаматтарға тіркейтін болады. Және олардың бұл әрекетінен ең алдымен зейнеткерлер, әлеуметтік бейімделмеген азаматтар сияқты адамдар зардап шегеді», - деп атап өтті депутат.

Ал онлайн-несие беруге тыйым салу шынымен де мәселені реттеп, алаяқтарды қылмыстық схемаларын жүзеге асыру мүмкіндігінен айыруы мүмкін. Оған қоса бұл заң жүзінде бекітуді қажет етпейді.

«Онлайн-несиеге тыйым салу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ішкі қаулысы жеткілікті. Себебі, елде несиелеу нысандары бойынша шешімді Ұлттық банк қабылдайды, сондықтан соның шешімі ғана қажет», - деп түсіндірді Магеррамов.

Алайда, ҚХП парламентшілері еліспеушілік презумпциясын кибералаяқтыққа қарсы ең тиімді шара деп санайды.

«Бүгінде бізде келісім принципі бар, яғни Қазақстанның барлық азаматы автоматты түрде несие алуға келіседі. Бұл мәртебені өзгерту үшін e-Gov порталы арқылы белгілі бір процедурадан өтіп, өзіңізге несие алуға тыйым салу қажет. Меніңше, бұл әдіс пен механизм бізге қажет емес», - деп нақтылады ҚХП мүшесі.

Объективті түрде қарасақ, депутатпен келіспеске болмайды. Қазақстан халқының цифрлық сауатты, оған қоса, ауылды жерлердегі интернет сапасы мәселені ушықтыра түседі. Сондықтан, бұл жағдайда келіспеушілік презумпциясы тұтынушыларды шын мәнінде кибераляқтардан қорғай алады.

«Егер барлық азаматтар несие алуға автоматты түрде келісім бермесе, несие алғысы келетін адам мәртебесін өзі өзгертуі керек. Ол белгілі бір процедуралардан өтіп, несие алғысы келетінін өзі растауы керек. Бүгінде азаматтарымызды қорғаудың басқа тетігі жоқ», - деді Магеррамов.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy