Хаттама қалтаны толтырмайды

dep.jpg

Қазақстан өндірілген дәрілік заттарды Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) елдеріне экспорттай алады. Мәжіліс Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтырулар енгізетін тиісті Хаттаманы ратификациялады. Әңгіме мәжбүрлі лицензия бойынша өндірілген дәрілік заттар туралы болып отыр.

Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Алназарова жаңа Хаттама ДСҰ-ға қатысушы елдерге құқық иесінің рұқсатынсыз, патенттелген дәрілік заттарды мәжбүрлі түрде экспорттау үшін өндіру құқығын беруді көздейтінін хабарлады. Бұрын мұндай лицензиялар ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ғана берілген. Алназарова бұл жағдайда препараттарды өндіру коммерциялық мақсатта емес, тек қоғамдық денсаулық сақтау мақсатында жүзеге асырылатынын нақтылады.

– Хаттамамен мәжбүрлік лицензияларын беру шарттары нақтыланады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы. - Атап айтқанда, кейіннен экспорттау үшін мәжбүрлі лицензия бойынша дәрілік заттарды өндіру нақты импорттаушы елдің қажеттіліктері ескерілген көлемде ғана жүзеге асырылады деп көзделеді.

Қазақстан Халық партиясының депутаты Ирина Смирнова бұрын жасалған құжаттар бойынша біздің еліміз ішкі нарық үшін мәжбүрлі лицензиялар бойынша дәрілік заттарды өндіруге құқылы болғанын еске салды.

– Бұл келісімнің Қазақстан үшін ДСҰ-ға қосылған сәттен бастап, яғни 2015 жылдан бері күші бар, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты. - Айтыңызшы, біздің еліміз аталған кезең ішінде осы құқықты пайдаланды ма? Егер жоқ болса, неге?

Бұл сұраққа министр: «пайдаланбады» деп шынайы жауап берді. – «Жалпы әлемде осы құқықты пайдалану бойынша үш ғана үлгі болатындай жағдай болған».

– Бірақ біз заңнамалық база құруымыз керек, - деп түсіндірді Алназарова. - Егер қажет болса, біз оны қолдана аламыз.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy