ҚХП Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Қалел Мақсұтов «Жаңа Қазақстанды құрудағы азаматтық сектордың рөлі» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Мақсұтов алдағы кезектен тыс президент сайлауы жөнінде сөз сөйледі. Ол электоралды кезеңдегі Қазақстан Халық партиясының белсенді ұстанымына ерекше назар аударып, сайлаудың Жаңа Қазақстан құрудағы рөлін атап өтті.
«Геосаяси дағдарыс пен экономикалық турбуленттіліктің күрделі кезеңінде Қазақстан өзінің егемендігін, тұтастығы мен бірлігін сақтауға тиіс. Халық жаңа Қазақстан құру идеясына қол жеткізу үшін біртұтас болуға тиіс. Біз дұрыс таңдау жасауымыз керек», – деп атап өтті Қарағанды филиалының басшысы.
Отырысқа қатысушылар қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың демократиялық бастамаларына қолдау білдіріп, Мемлекет басшысы лауазымына кандидатурасын ұсынуды жақтаған ҚХП пікірін мақұлдады.
«Біз мемлекетіміздің сыртқы және ішкі қауіпсіздігінің кепілі болатын, демократиялық реформа жүргізетін және еліміздің экономикалық тұрақтылығына ұмтылатын президентке дауыс беруіміз керек», – деп түйді ойын Қазақстан Халық партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Қ.Мақсұтов.