ҚХП депутаттары ағаш өңдеу кәсіпорнында болды

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары Солтүстік Қазақстан облысындағы жеке кәсіпкер Ахмутдиновтың жұмысымен танысты. Іс-шара мәжілісмендердің сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге жасаған жұмыс сапары аясында өтті.

Кәсіпорын сүрек дайындаумен және терең өңдеумен айналысады. ҚХП депутаты Ирина Смирнова атап өткендей, өндіріс іс жүзінде қалдықсыз. Шикізат ретінде бұл жерде тіпті түтінсіз жылытуға арналған пилет, ағаш капсулаларын дайындауға жіберілетін ағаштың шаңы да пайдаланылады. Көптеген елді мекендер үшін газбен жабдықтау әзіргі күнге тек арман ғана болып тұрған өңірде бұл көмірге өте сәтті балама. Дегенмен, бұл жерде де экологиялық қауіпсіз технология бойынша ағаш көмір шығарылады.

1

Бұрын кәсіпорынның жиһаз шығаратын өз цехы болған, алайда, қарпайым ғана маман жетіспеушілігі себебімен одан бас тартуға тура келген. Мұнда жұмыскерлердің негізгі контингенті - мемлекеттік бағдарлама аясында солтүстікке қоныс аударған оңтүстік өңірлерден қоныс аударушылар. Кәсіпорын өз жұмысшыларын қомақты әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етіп отырғанымен, жұмыс күші өте аз. Мұнда тіпті өз кәсіподағы да бар.

2

– Аталған кәсіпорынның аумағында ағаш көшеттерін өсіретін питомнигі бар тамаша жылыжайды көрдік, - деді Смирнова экскурсиядан кейін. - Негізінен, мүнда қайың, қарағай, шырша, яғни жергілікті ормандарда өсетін тұқымдар іріктелген.

4

Мұндай таңдау кездейсоқ емес, жергілікті университет ғалымдарының басшылығымен питомникте өсірілген көшеттер кесілген орман ресурстарын өтеуге жұмсалады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy