ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге жұмыс сапарын жалғастыруда. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, мәжілісмендер Солтүстік Қазақстан облысына аттанды.
Петропавлға келген партия мүшелері қалада бірқатар іс-шаралар өткізді. Олардың маңыздыларының бірі - жергілікті өзін-өзі басқару өкілдерімен, облыстық мәслихат депутаттарымен кездесу болды. Халық қалаулылары бір-бірімен ой бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салды.
– ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов өз сөзін: « Кездесу нәтижесінде, біз ел мен халық игілігі үшін ортақ істі бірге атқарып жатқанымыз туралы маңызды түсіністікке келдік», - деп қорытындылады.
Одан кейін мәжілісмендер адвокаттармен, заң консультанттарымен, жеке сот орындаушыларымен және нотариустармен, яғни, заң қоғамдастығының өкілдерімен кездесті. Қазір Парламент ҚХП бастамасымен адвокаттық қызмет пен заң көмегін көрсетуге арналған Заң жобасын талқылауда.
– Заң жобасы аясында талқылауға тұрарлықтай көптеген ұсыныстар айтылды, - деп түйіндеді депутаттар. - Біздің міндетіміз процесс бойынша барлық қатысушылар мен тараптар мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау.
Өңірлерге бару - халық қалаулылары жұмысының ажырамас бөлігі. Олар өндірістерге, шахталарға, зауыттарға, ауруханаларға, инфрақұрылым нысандарына және т.б. барып, азаматтарды толғандыратын, бірақ жергілікті жерлерде шешілмей келе жатқан мәселелерді егжей-тегжейлі зерттейді. Жүмыс барысында анықталған барша проблемалар Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдердің алдына қойылады.