ҚХП депутаты Дмитрий Легкий ант қабылдады

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Парламенттің жаңа депутаты Дмитрий Легкий ант берді. Ол Мәжілістің жалпы отырысында әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.

Мәжілісмен халыққа адал қызмет етуге, республиканың тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, елдің Конституциясы мен басқа да заңнамаларын қатаң сақтауға, сондай-ақ депутаттың міндеттерін адал атқаруға ант етті.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Дмитрий Легкийді құттықтап, оған жұмыста табыс тіледі.

«Дмитрий Легкий – тарихшы, қоғам қайраткері, білім саласында мол тәжірибе жинақтаған адам. Ұзақ жылдар бойы Қостанай педагогикалық институтының, содан кейін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тарих және заң факультеттерінде кафедра меңгерушісі болып еңбек еткен», – деп атап өтті комитет төрағасы Жамиля Нұрмамбетова.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy