Партиялық тізім тексеруден толық өтті. Осы орайда Қазақстан Халық партиясынан ұсынылған Мәжіліс депутаттығына кандидаттар куәліктерін алды. Құжаттарды тапсыру ҚХП Орталық аппаратының кеңсесінде өтті.
Айта кетейік, партияның XXIII кезектен тыс съезінде бекітілген партиялық тізім келесі күні Орталық сайлау комиссиясына жөнелтілген еді. Нәтижесінде, партия ұсынған 52 кандидат толығымен ҚР Конституциясында және «Сайлау туралы» заңда белгіленген талаптарға сәйкес деп танылды. Тізімнің 32,7%-ын әйелдер, жастар және мүгедектер құрады.
Демек, Қазақстан Халық партиясы доданың келесі кезеңі, яғни, үгіт-насихат жұмыстарына тас-түйін дайын. Ал үгіт жұмыстары 18 ақпан кешкі сағат 18.00-де басталады.