ҚХП энергетика саласын бақылауда ұстауды ұсынды

Халық партиясының тікелей эфиріндегі «Халық микрофоны» жобасы еліміздегі энергетика саласына арналды.

ҚХП төрағасының орынбасары, Қазақстан электрэнергиясы қауымдастығының төрағасы, Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Талғат Темірхановтың айтуынша, қазір бұл сала қиын кезеңді бастан өткеруде.

– Екібастұз, Риддер, Петропавлскі қалаларындағы ахуал шынымен энергетика саласының қиын жағдайда екенін көрсетті, –деді ол. –Бұл проблема бірнеше рет жоғары жақта жеткілікті айтылды. Өкінішке орай, дер кезінде пәрменді шаралар қабылданбай, салдарынан осы оқиғаларға куә болдық.

Бұл саланың басты проблемасы – кадр тапшылығы. Апаттың алдын алатын білікті мамандар жетіспейді. Өйткені жұмыс ауыр, жалақысы жеткізуші жұмысшылардан 2-3 есе аз. Екібастұздағы апат штат тапшылығын ғана емес, жөндеу жұмыстарын жүргізетін маман жетпейтінін дәлелдеді.

Екінші мәселе –жабдықтардың тозуы мен электр станциялардың аянышты хәлі. Таяу күндері елімізде ауқымды аппаттар болады деп айту үшін көріпкел болудың қажеті жоқ. – Энергетикадағы жағдай бүгін басталған жоқ, – деп Т.Темірханов атап өтті. – Бұл проблема жылдар бойы қордаланып келді.

Қазақстан Халық партиясы осы мәселелерді бірнеше мәрте көтерген. Инфрақұрылымдарды сараптап, бірінші кезекте жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін, осы орайда энергетикалық қауіпсіздік мәслелерді жөнінде комиссия құруды ұсынған. Алайда, Үкімет бұл ұсынысты «ақылға қонымсыз» деп кері қайтарды. Ал қыс кімдікі дұрыс екенін көрсетті.

Халық партиясы Қазақстанның климаттық жағдайында энергиямен қамтамасыз етуді пайда алу үшін комерциялық аймаққа теңестіруге болмайды деп есептейді. Партияның сайлауалды бағдарламасында энергетика саласын мемелекет ерекше бақылауда ұстау қажеті айтылған.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy