Қазақстан Халық партиясының YouTube-арнасында өңірлерде болған апта ішіндегі ең өзекті жаңалықтардың кезекті шығарылымы жарық көрді. Бізді мына сілтемеден көріңіз youtube.com/@Halyk_Partiyasy
Жаңалықтарға қысқаша шолу:
«Су тасқынының есеп-қысабы» - су басқан аумақтардан қанша адам эвакуацияланды, зардап шеккендерге көмекке қанша ерікті келді және шенеуніктер ТЖ салдарын жоюға бөлінген қанша ақшаны ұрлады?
«Азық-түлікке жалақының жартысы» - ақшаның құрсыздануы мен ең қажетті тауарлардың қымбаттауы, бұл да, тікелей болмаса да, су тасқынының елге келтірілген залалы екені рас. ҚХП Жетісудағы филиалының мүшелері әлеуметтік сауалнама жүргізіп, қазақстандықтардың азық-түлікке отбасы бюджетінің 60% жуығын жұмсайтынын анықтады.
«Біз таңдаған жолдар» - ҚХП Павлодар облыстық филиалы облыстағы жол құрылысын қоғамдық бақылауға алды.
«Қараусыз қалған даңқ» - Талдықорғандағы ардагерлер паркі бірнеше жылдан бері қайта жөндеуді қажет етіп келеді. «Экологиялық тәрбие» - ҚХП Алматы қалалық филиалының өкілдері демалыс күндері жаппай сенбілік өткізді.
«Дәрігер кетіп барады » - пациенттердің наразылығы, дәрігерлер жалақысының төмендігі, қарызға батқан емханалар, осының бәрі ШҚО-дағы медициналық қызмет көрсетудің сын көтермейтін жағдайын айғақтап тұр.
«Абайлаңыз, ойынқұмарлар!» Қазақстанда күн өткен сайын құмар ойындарының салдары қиындап барады.
«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен қалай күресуге болады?» - ҚХП Қостанай облыстық филиалы осы тақырыпта әлеуметтік сауалнама жүргізді.
ҚХП өңірлік жаңалықтарын қараңыз! Оқиғалардан хабардар болыңыз!