Бір күнде Халық партиясының 10 филиалы жергілікті мәслихатарға кандидаттардың партиялық тізімін аумақтық сайлау комиссияларына ұсынды. Атап өтсек, Абай, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан және Ұлытау облыстық және Шымкент қалалық филиалдары.
Айта кетейік, жоғарыда аталған партия филиалдары мұның алдында кезектен тыс конференциялар өткізіп, кандидаттар тізімін талқылаған болатын. Тіркелген үміткерлердің басым бөлігі партиялық тізім арқылы, бірқатары бір мандатты сайлау округтері бойынша сайлауға барады.
«Көп ұзамай сайлау науқанының ең маңызды сәті – үгіт-насихат басталады. Біз алдағы сайлауға дайынбыз. Кез келген пікір-талас, диалог құруға да әзірміз», – дейді кандидаттар.
Жалпы, Халық партиясы мәслихаттарға 600-ге жуық кандидат ұсынады. Олардың 40%-ы бір мандатты округтер бойынша.