ҚХП: «Өнеркәсіптік ипотека» бағдарламасы қабылдауы қажет

10 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, ҚХП төрағасының орынбасары Александр Милютин Семейдегі «Шыгысэнерготрейд» және «ШҚ АЭК» ұжымдарымен кездесті. Ол партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыра отырып, «Жер – халыққа тиесілі» дегенді атап өтті.

Партияның сайлауалды бағдарламасының бір бөлігі энергетика саласын жаңғырту бағытына арналған.

– Өнеркәсіпті реттеу көп бағытты және бейберекет жүргізіліп отыр. Мұнда бір министрліктің міндеттері екіншісінің міндеттеріне тікелей қайшы келеді. Біз энергетика саласындағы мемлекеттік саясатты жоспарлау және жүзеге асыру үшін салалық орталық құруды жақтаймыз, – деді ол.

Сонымен қатар Александр Милютин саланы қаржыландыру мәселесіне тоқталды. Энергетика саласындағы кәсіпорындар төл теңгемізбен берілетін арзан несиден қағылып, салдарынан шетел банктерінен несие рәсімдеп жүр. Бір сөзбен айтқанда девальвация пайданы жұтып, елде қалуы тиіс несиенің пайыздары шетел асып жатыр.

– Екінші деңгейлі банктерді нақты секторды несиелеуге қайта бағыттау қажет. Сондай-ақ мемлекеттік «Өнеркәсіптік ипотека» бағдарламасын қабылдау керек, – деді А.Милютин.

ҚХП сонымен қатар күндізгі аймақтар бойынша тарифтерді саралауды қалпына келтіру қажет деп санайды.

Тағы бір маңызды тақырып аймақтың дамуы болды. Қала өткен жылы облыс орталығы мәртебесін алды, сол үшін мұндағы инфрақұрылымды қайта жаңғырту керек.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy