ҚХП отандық ғылымды дамытудың жолын біледі

Қазақстандық ғылым жұмбақ іспетті. Бір жағынан, атқарылған шаруа жетерлік, екінші жағынан нәтиже көрінбейді немесе ақпараттық қолдау жетпейді. Осы және өзге де мәселелер «Халық микрофоны» тікелей эфирінде талқыланды. Студияның қонағы экономика ғылымының докторы ҚР ҰЗА академигі, Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Гүлбазар Медиева болды.

Медиеваның айтуынша, қазақстандық ғылымның статистикасы өте оптимистік көзқарасқа негізделген іспетті. Себебі, 2019-дан 2021 жыл аралығында ғылыми зерттеуге мемлекеттен 109 миллиард теңгеге дейін қаржы бөлінген. Алайда, ЖІӨ-нің қазақстандық ғылымға деген сұранысы небәрі 0,13 пайызды құрайды. Бірақ бұл көрсеткіш еліміздің өндірістік секторларына ғылыми-зерттеу жұмыстарын енгізуді талап ететін айғақтап отыр.

– Ғылымға көңіл бөлінеді, бірақ бұл қолдау абстрактілі идеяларға ғана кетеді, – деді кандидат.

Қазақстанда ғылым мен тәжірибе қатар жүреді. Елімізде инженерлік-құрылыс бағытында мамандандырылған факультеттер болмаса институттар жоқ. Салада 2001 жылы қабылданған «Сәулет және қала құрылысы қызметі туралы» заң бар. Осы уақыт ішінде оған жүзге жуық түзетулер енгізілді. Бірақ олардың барлығы ғылыми зерттеулер негізінде емес, тек бизнестің кез келген санатын жақсартуға ғана бағытталды.

– Егер біз жаңа Қазақстанды құрғымыз келсе, инженерлік, ғылыми-өндірістік әлеуетті арттыруымыз керек, – деп есептейді Гүлбазар Медиева. Халық партиясы алдымен ең өзекті мәселелерді шешу керек деп есептейді. Атап айтқанда, қаржыдан шашау шығармау, инженерлік идеяның пайда болуынан оның іске қосылуына дейінгі қолдаудың кәсіби жүйесін құру, бюрократиялық кідірістерді жою. Саланы дамыту үшін білікті кадрлар тарту да маңызды. Ал ол үшін ғалымдардың, инженерлердің мәртебесін арттыру керек және лайықты жалақымен қамту қажет.

Сондай-ақ, жобалау институттарын, отандық ғылыми мектептерді қалпына келтіру секілді мәселелер де күн тәртібіне көтеріліп отыр. Ең бастысы, осы саланың зиялы қауымын көптеп тәрбиелеу керек. Бұл мәселелерді шешуді ҚХП заңнамалық деңгейде және практика арқылы қол жеткізуге ниетті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy