ҚХП төрағасы бақылаушылармен кездесті

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Қазақстандағы сайлауды бақылау бойынша ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ-сы миссиясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Миссияны кәсіби экономист, саясаткер, дипломат және тәжірибелі бақылаушы Урсула Гацек басқарады. Ол Қазақстанда бұған дейін де болған. 2019 жылы Гацек Президент сайлауын бақылайтын ДИАҚБ миссиясын басқарған.

Кездесу барысында ҚХП төрағасы қонақтарға құрамына ҚХП кіретін «Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді «Тоқаев реформалары үшін» халықтық коалициясының қызметін атап өтті.

«Қазір ел тарихында ел, халық, тұрақтылық мүдделері жекелеген саяси партиялардың мүддесінен әлдеқайда жоғары болатын сәт», – деп атап өтті Ертісбаев.

Коалиция қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық және саяси бағдарламасын, сәйкесінше оның үміткерлігін қолдайды. Ұйымның біріккен қызметі мүмкіндігінше көп сайлаушы тартуға бағытталған және қатаң түрде «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» ҚР заңы аясында өтіп жатыр.

ҚХП-ның Коалицияға кіруін төраға Мемлекет басшысының бағдарламасы әлеуметтік әділеттілік пен теңсіздікті жою қағидаттарына негізделгенімен түсіндірді, бұл Қазақстан Халық партиясының бағытымен толық сәйкес келеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy