ҚХП төрағасы Куба елшісімен кездесті

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Куба Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Оскар Сантана Леонмен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты сындарлы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ әлемдік саясаттағы жағдайды талқылады.

ҚХП басшысы Куба елшісіне Қазақстан Халық партиясының жұмысы туралы, оның елдің саяси өміріне қатысуы және партияның су тасқынына қарсы күрес жүргізіліп жатқан өңірлерде көрсетіп жатқан көмегі жайлы айтып берді. Ол Қазақстан мен Куба арасындағы өзара тиімді серіктестік қарым-қатынастарды жоғары бағалап, қазақстандық қаһарман және көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлының Кубаның аты аңызға айналған көшбасшысы Фидель Кастромен достығын және Куба Республикасының АҚШ енгізген заңсыз сауда және қаржы-экономикалық оқшаулауға қарсы күресте оған қолдау көрсететінін еске салды.

1

– Біздің елдің басшылығы бұл шаралар қырғи-қабақ соғыстан қалған белгі болып табылатынын және өткен күннің еншісінде кетуі керектігін бірнеше рет мәлімдеген болатын, - деп атап өтті Ермұхамет Ертісбаев. - Мен күндердің күнінде ақыл-ой салтанат құрып, Бостандық аралындағы қоршау алынып тасталады деп үміттенемін.

3

Өз тарапынан, Оскар Сантана Леон қазіргі Кубаның өмірі туралы айтып берді. Оның айтуынша, АҚШ санкциялардың көмегімен кубалық саясатқа өзінің теріс ықпалын жалғастыруда. Экономикалық және қаржылық шектеулер аралды энергиямен қамтамасыз ету және азық-түлiк жеткізу мәселесінде қиындықтар туғызады және соның салдарынан ел iшiнде әлеуметтiк шиеленiстiң өсуiне итермелейдi.

4

– Осы қиын сәттерде бізге бүкіл әлемдегі достас саяси күштердің, қоғамдық қозғалыстардың ынтымақтаса қолдау жасағаны аса маңызды, - деп мәлімдеді Төтенше және Өкілетті елші. - Біз Кубаның сыртқы күштердің араласуынан ада, ешқандай саяси қысымсыз егеменді және тәуелсіз қоғам құруға деген заңды құқығын бірлесіп қорғау үшін олардың тарихи қолдауына сенеміз. Бұл - Куба ақиқаты.

5

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап та екі ел мен екі партияның - ҚХП мен ККП-ның ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастығына үміт білдірді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy