Қазақстанға өзін көкөніс пен жеміспен қамтамасыз етуге не кедергі? Үкімет сағатында Қазақстан Халық партиясының депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет мүшесі Ислам Сұңқар бірқатар өзекті мәселелерді күн тәртібіне қойды.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бізддің ел көрші елдерден әлдеқайда артта қалды. – Қазақстан халықты өз өнімімен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуі керек, – деді И. Сұңқар. – Бұл мүмкін бе?
Ел азаматтары өнім тапшылығын сезініп отыр. Былтыр қант, биыл пияз жетпеді. Үкімет көп уәде береді, бірақ жағдай өзгермейді.
Мұндай жағдайға қаржыландырудың болмауы кедергі келтіреді. Ал квазимемлекеттік сектор мен банк саласының субъектілері түріндегі делдалдар субсидия мен несие алуды қиындатады.
– Делдалдар кәсіпкерлердің тәуелділігін пайдаланып, табыстың едәуір бөлігін өздері алады, – деп нақтылады И. Сұңқар.
Қазақстанда жер жеткілікті, алайда осы салада бақылаудың болмауының салдарынан ауыл шаруашылығы алқаптарының орасан зор бөлігі мақсатынан тыс пайдаланылады. Шаруа мол өнім жинаған жағдада оны сақтайтын жер жоқ.
– Дайын өнім құнының өсуіне және таза пайданың төмендеуіне үй-жайларды жалға алу құны мен тауарды сақтауды қамтамасыз ететін жұмыс күші де әсер етеді, – деді ҚХП депутаты.
Мемлекет отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге белсенді түрде қолдау көрсетеді, бірақ көбіне сөз жүзінде. Дихандарддың материалдық-техникалық жарақтандырылуы жыларман жағдайда. Ауыл шаруашылығы саласының дамуына көлік-логистикалық инфрақұрылымы мен өткізу нарығының кенже қалуы да нұқсан келтіріп тұр.
– Шағын және орта бизнес өкілдері мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты нарықты тұрақты қамтамасыз ете алмайды, – деп түсіндірді Мәжіліс депутаты. – Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу тізбегінің құрылмаған жүйесі бағаның өсуіне бірден бір себеп болады.
Бүгінгі таңда жеміс-жидек пен көкөніс өсіру экономиканың келешегі жоқ саласына айналып отыр. Мәселені шешу үшін Үкімет қаржыландыру тетігін белгілеп, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың жоспарын бекітуі және инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған жаңа үлгідегі кәсіпорындардың құрылысын бастауы керек.
– Отандық тұқым сатып алудан бастап, дайын өнімді өткізуге дейінгі аралықта атқарылған іс импорт көлемін азайтып, отандық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді, – деп қорытты сөзін депутат.