Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдың алғашқы күндерінде республикалық ресми басылымдарға сұхбат берді. Әңгіме өзегі – Қаңтар оқиғасының екі жылдығы. Мемлекет басшысы сол бір қаралы күндерді еске ала отырып не үшін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына жүгінгенін, экс-президент Назарбаевпен қарым-қатынасы қалай өршігенін, ел тағдыры таразыға түскенде кімдердің сатқындық жасағынан, жалпы мұндай қантөгістің не үшін болғанын және оның артында кімдер тұрғанын ашып айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша сая¬си жүйені демократияландырып, экономиканы монополиядан арылту үшін жасалған реформа Қаңтар оқиғасына түрткі болды.
Бұл жайында Президент былай деді:
«Ашығын айтсам, осы жаңа бағдары-мыз кейбір ықпалды адамдарға мүлде ұнаған жоқ. Олар бұл өзгерісті елімізде әбден тамыр жайған жүйеге және билік құрылымындағы өздерінің «ерекше мәртебесіне» төнген қатер деп қабылдады. Мұндай адамдар елдегі өзгеріске астыртын, кейде тіпті ашық қарсылық білдіре бастады. Ақыр соңында реформаның бетін қайтарып, өздеріне ыңғайлы бұрынғы қалыпқа оралу үшін бәрін тас-талқан етуге шешім қабылдады. Жоғары лауазымды тұлғалардан тұра¬тын бұл топтың күштік құрылым¬дарға да, қылмыс әлеміне де орасан зор ықпалы болды. Сондықтан билік¬ті күшпен басып алуға бел буды. Тергеу мәліметтеріне жүгінсек, олар 2021 жылдың ортасына таман да¬йын¬дыққа кіріскен. Сосын Үкімет сұйы¬тылған газдың бағасын күрт өсіру туралы жан-жақты ойластырылмаған, құқық¬тық негізі жоқ шешім қабылда-ды. Маң¬ғыстау облысында арандатушы¬лар¬дың айтағына ілескен жұрт шеруге шықты.
Бас прокуратураның тергеуінен қаңтар оқиғасының бірнеше толқын¬мен өрбігенін көруге болады.
Шерулер алдымен Маңғыстау облысында басталды. Көп ұзамай басқа да өңірлерге жайылды. Орталық билік және әкімдіктер жағдайды реттеуге тырысқанымен, ел ішіндегі ахуал шиеленісіп кетті. Ортақ мәмілеге келу үшін жүргізілген келіссөздер мен диалогке толқуды ұйымдастырушылар еш мойын бұрмады.
Көптеген аймақта алғашқы қақты¬ғыс¬тар басталды. Мұның бәрі арнайы дайындалған жансыздары арқылы жағдайды одан әрі ушықтыруға тырысқан қаскөйлер үшін «іздегенге сұраған» болып шықты. Осындай аса күрделі жағдайдың өзінде құқық қорғау органдары күш қолданбай, сабыр сақтады. Бұл – екінші толқын.
Жетекшілері ымыраласқан топтың айтқанын екі етпейтін және лаңкес¬тер¬мен, оның ішінде сырттан келген лаң¬кестермен байланысы бар қыл¬мыс¬тық топтар өршелене іске кіріс¬кенде үшінші толқын басталды. Олар арнаулы технологияны, арандатушылар мен қарақшыларды пайдаланып, бейбіт шерулерді жаппай тәртіпсіздікке ұластырды. Ұрып-соғу, қирату, өртеу, өзгенің мүлкін қасақана жою белең алды. Дүрбелең кезінде қарулы радикалдар мен лаңкес¬тер бір мезетте, бір ғана бұйрықпен мем¬лекеттік органдардың және күштік құрылымдардың ғимараттарына, қару-жарақ дүкендеріне, құқық қорғау мекемелері мен әскери бөлімдердің қоймаларына шабуыл жасады. Мұндай оқиға Алматыда ғана емес, бірқатар облыс орталығында да болды. Қаңтар оқиғасы кезінде үш мыңнан астам қару қолды болғанын айта кеткен жөн. Оның ішінде автомат, пулемет, тіпті гранатомет және басқа да атыс құ¬ралдары бар. Оған қоса, көлік ин¬ф¬ра-құрылымы және телекоммуникация ны¬сандары шабуылға ұшырады. Қарақ-шылар мен лаңкестер өзара ұйым¬дасып, бір-бірімен тығыз байланыста әрекет жасағанын тағы да қайталап айтқым келеді.
Қаскөйлердің мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған жоспарын жүзеге асыру үшін экстремистер, қылмыстық топ¬тар және әсіре діншілдер бірге қи-мылдады. Олардың мақсаты ел іші¬не үрей туғызу, мемлекеттік инс¬ти¬тут-тардың қызметін тұралату, конс¬ти¬туциялық құрылымның іргесін шайқау, ақыр соңында билікті басып алу еді.
Сол кездегі ахуал өте күрделі болды, еліміз құрдымға кетуге шақ қалды. Бұған жол бермеу үшін барлық іс-әрекетті күндіз-түні және сағат сайын тікелей өзім бақылап отырдым. Ішкі істер министрлігі арқылы Ақорда резиденциясына түрлі шабуыл жасалғалы жатыр, соған жүк көліктері пайдаланылады деген ақпарат жетті. Маған бас сауғалап, резиденциядан кету, тіпті шетел асу туралы ұсыныс бірнеше рет айтылды. Бірақ мен бұған үзілді-кесілді қарсы болдым. Теледидар арқылы жасаған мәлімдемелерімнің бірінде қандай жағдай болса да жұмыс орнымда қалатынымды ашық айттым. Екі апта бойы тапжылмай, Ақордада болдым, күн-түн демей, шұғыл жиналыстар өткіздім. Сол аласапыран күндерде мемлекетімізді сақтап қалу, елдегі заң мен тәртіп үстемдігін қалпына келтіру ең басты міндет еді».
Сөз арасында Қасым-Жомарт Тоқаев не үшін Ұжымдық Қауіпсіздің Шарты Ұйымына жүгінгенін де тілге тиек етті. Президенттің сөзінен жаппай тәртіпсіздік белең алып, кейбір күштік құрылым басшыларының іс-әрекеті күмінді бола бастағанда осындай қадамға баруға тура келгенін аңғаруға болады. Бұл жерде бір мәселенің басын ашып алу керек, біз Ресейден көмек сұраған жоқпыз, келісімге сәйкес ОБКБ-дан көмек күттік.
Сонымен Қаңтар оқиғасына қандай баға беруге болады?
Бұл халық көтерілісі ме, билікті күшпен басып алушылардың құйтырқы әрекеті ме?
Осы сұраққа Президент:
«Турасына көшсем, бұл халық көтерілісі болды деген пікірлер қыл¬мыс¬тық әрекеттерді ақтау үшін айтылу¬да. Барып тұрған бұзақыларды ба¬тыр¬ға балап, жұртты арандататын әрі жауапкершіліктен жұрдай сыңар¬жақ пайымдар қылмыстық психологияның қоғам санасына сіңуіне әкеп соқтырады. Мұндай әңгімелер – ұлттық қауіпсіздікке және халықтың жаймашуақ өміріне қатер төндіретін жаппай тәртіпсіздікке шақырумен пара-пар. Бұл – өте қатерлі үрдіс. Сондықтан осындай жүгенсіздікті сынға алу мәселесіне келгенде мемлекет пен қоғамның ұстанымы ортақ болуы керек. Мен бұған сенімдімін»,- деп жауап қатты.
Бұдан әрі әңгіме қосарланған билік жайында өрбіді. Ол туралы Президент жауабынан:
«Конституцияға сәйкес, Президент еліміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, мемлекетіміздің жоғары лауазымды тұлғаларын, Қарулы Күш¬теріміздің жоғары басшылығын тағайын¬дайды және оларды қызметі¬нен босатады. Сондай-ақ Мемлекет бас¬шысы еліміздің Жоғарғы Бас Қол¬бас¬шысы саналады.
Алайда бәзбіреулер қосарланған билік жүйесін орнатуға талпынғаны, тіпті, мұндай әрекеттерді әдейі әрі мұқият ұйымдастырғаны рас. «Билік транзиті» кезіндегі ахуалды саясаттағы айлакерлер өз мүддесіне пайдаланып, қосамжарланған билік орталығын құруға тырысты. Елімізде Президент әрі Жоғарғы Бас қолбасшы лауазымы бір бөлек, бұрынғы Президент иеленген Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы лауазымы бір бөлек болды. Осы екі лауазымның иелері бір мезетте қатар қызмет атқарды. Түптің түбінде бұл жағдайдың билікте қатаң текетірес туғызбай қоймасы анық еді.
Мұны аз десеңіз, дәл осы жағдай Қаңтар дағдарысына әкеп соқтырған алғышарттың бірі болды. Өйткені ымыраласқан қаскөйлер өздері ойлап тапқан қосарланған билік, яғни «тандем» идеясын дәріптеп, оны өз мүддесіне пайдаланғысы келді. Кейбір лауазымды тұлғалардың, оның ішінде бұрынғы Әділет министрінің мәртебе жағынан Елбасы Президенттен жоғары тұратынын айтқаны естеріңізде шығар. Кейбір шенеуніктер біресе ана, біресе мына кабинетті жағалап жүрді. Олар ойнақтап жүріп, ақыры от басты. Мен кейінірек Нұрсұлтан Әбішұлы Назар¬баевқа оның жақын серіктерінің саяси қитұрқылығы еліміздің тас-талқанын шығара жаздағанын ашық айттым.
Қалай десек те, мемлекетте үлкен және кіші президент деген болмауы керек деп санаймын. «Кеттің бе – қайырылма!» Болашақта ел тізгінін ұс¬тайтын азаматтар осы жағдайдан сабақ алып, мұндай нәрседен қашық болуға және тек қана мемлекеттің мүддесі мен қоғамның береке-бірлігін ойлауға тиіс.
Өкінішке қарай, ішкі саяси дағдарысқа байланысты туындаған сын сағатта негізгі құқық қорғау органдары басшыларының бетпердесі сыпырылып, олардың кәсіби біліксіздігі, қала берді сатқындығы әшкере болды. Ата заңға сәйкес жұмыс істейтін орнықты әрі тиімді мемлекеттік институттар жүйесін құру ауадай қажет екені Қаңтар оқиғасынан айқын көрінді. Біз бір ел болып, бұл дағдарысты ең¬¬сер¬дік, қиындыққа қасқая қарсы тұрып, одан тіпті шыңдалып шық¬тық. Азаматтарымыздың бекем бірлі¬гінің және барлық деңгейдегі билік өкілдерінің батыл іс-әрекеті¬нің ар-қасында алапат апаттың бетін қай¬тарып, елдегі ахуалды тұрақтандыра алдық. Кейін кейбір қаскөйлер тергеу кезінде халық жауапты сәтте жұды-рықтай жұмыла біледі, билік қандай қатерге де қаймықпай төтеп бере алады деп еш күтпегенін мойындады».
Журналист:
– Әлеуметтік желіде Президент Конституцияға қатысты референдум өткізіп, 2026 жылы тағы да сай¬лауға түсуді жоспарлап отыр деген қауесет тарап жатыр. Бұл рас па?
Қ. Тоқаев:
– Бұл – жалған ақпарат. Бұдан былай әркім ойына келгенін істеп, Ата заңға оңды-солды өзгеріс енгізе алмайды. Ал осындай маңызды мәселеге келгенде, тіпті мүмкін емес. Мен бұған нық сенімдімін. Конституциялық реформа Ата заңға қалай болса солай өзгеріс енгізе беру үшін жасалған жоқ. Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді. Бұл талап мемлекетіміздің тәуелсіздігі, біртұтастығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны туралы нормалар сияқты мызғымастай етіп бекітілген.
Ақыры осы тақырып қозғалған екен, бұған қатысты кейбір жайтқа кеңірек тоқталып, мән-жайын аша кетейін. Мен жетіжылдық бір ғана мерзім туралы идеяны осыдан 15 жыл бұрын жабық пікірталастарда айтып жүрдім. Сол кезде ұсыныс аса қолдау таба қоймады. Өзім Президент болып сайланғаннан кейін, осы бастамамның артықшылығы мен кемшілігін әбден салмақтап, оны қалай жүзеге асыруға болатыны жөнінде көп ойладым.
Суперпрезидентке тән өкілеттіктерді жою үшін 2022 жылы Конституцияға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Мен сол кезде жетіжылдық бір мерзім идеясын қайта ұсындым. Бастамама бүкіл халық қолдау білдірді. Осымен бұл әңгіме тәмам».