Қ.Тоқаев: «Үкімет қызметіне жаңа серпін қажет!»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңартылған құрамымен кеңейтілген отырыс өткізді. Баяндама барысында Мемлекет басшысы өткен жылдың қорытындысын шығарып, атқарушы билік үшін таяу болашақтағы өзекті міндеттерді белгіледі. Көптеген мәселелер Қазақстан Халық партиясының бұрыннан айтып, көтеріп жүрген ұсыныстары және бастамаларымен үндесіп жатыр.

Бізге кез келген салық қымбат

Үкімет қызметінің жаңа серпіні туралы айта келе, Тоқаев бірінші кезекте бюджет және салық саясатының тиімділігін түбегейлі арттыру қажеттігін атап өтті.

– Үкіметтің алдында бұрынғысынша бюджетті тиімді басқару міндеті тұр, - деп нақтылады Мемлекет басшысы.

1

Жаңа Салық кодексі бюджет саясатын жетілдірудің құралы болуға тиіс. ҚХП парламенттік фракциясы бұл мәселе бойынша отандық кәсіпкерлермен бірнеше рет алқалы жиындар, консультациялар және сараптамалық кездесулер өткізді. Оның үстіне, фракция депутаттармен бірге құжатпен нақты және тиянақты жұмыс істейтін сарапшылар тобын құруға ниетті.

– Жаңа Салық Кодексі ашық ғана емес, түсінікті де болуы тиіс, - деп атап өтті ҚХП фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов.

2

Салық салудың жаңа жүйесі туралы айта келе, Президент арнайы салық режимдерін өзгерту, бизнесті дамытуға алынған кірістерді қайта инвестициялауды ынталандыру және т.б. қажеттігін атап өтті.

– Тіпті ең озық салық саясаты дұрыс әкімшілендіруді жолға қоймаса, тиімсіз болады, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. - Әкімшілік қысымды, оның ішінде реттеуші гильотина қағидатын қолдану арқылы азайту керек. Жалпы, осы салада сапалы өзгерістер қажет.

ҚХП арнайы салық режимдерін қолдану аясын кеңейту туралы ұсыныстарын фракцияның депутаттық сауалдарында көтерген болатын. Атап айтқанда, депутаттар кәсіпкерлік тәуекелдерді азайтуға және бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға мүмкіндік беретін бірқатар заңнамалық нормаларды қайта өңдеуді ұсынған болатын.

МЖӘ велосипеді қайда барады?

Инвестициялық саясат туралы айтқан Мемлекет басшысы Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды сапалы дайындаудың маңыздылығын атап өтті.

– Барлық «арман, тілектерді» бір құжатқа жинап, сосын бюджеттен қаражат бөлінбегеніне шағымдану - бұл өзінің біліксіздігін көрсету ғана, - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

3

Қазақстан Үкіметінің стратегиясындағы ең әлсіз тұстың бірі - жоспарлау екенін ҚХП бірнеше рет айтқан болатын.

– Жоспарлау экономиканы дамыту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін нақты нәтижелерге бағдарлануы тиіс, - деп атап өтті ҚХП-нан сайланған депутаттар. - Бұл жерде негізгі міндет - тиімділікті бағалаудың, лауазымды тұлғалардың нәтижелер мен нысаналы индикаторлардың дұрыс еместігі үшін жауапкершілігінің жоқтығын қоса алғанда, созылмалы проблемаларды жою.

Президент елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруды тағы бір инвестиция көзі деп атады.

– Түскен қаражатты ел үшін маңызды жобаларды іске асыруға бағыттау керек, - деп нақтылады Тоқаев. – Алайда бұл істе құқық қорғау органдары жүгенсіздікке жол бермеуге тиіс.Тағы да ескертемін, «шаш ал десе, бас алып», асыра сілтемеу керек.

4

ҚХП депутаттары заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтаруға бағытталған жаңа заңнамалық базаны құруға және іске асыруға барынша белсенді қатысты.

– Егер заңнаманы мұқият оқитын болсақ, онда ол біздің елді тонаған сыбайлас жемқорлар мен олигархтарға қарсы бағытталған екенін түсінуге болады, - деді М.Магеррамов. - Сондықтан адал инвесторлардың, оның ішінде, шетелдік инвесторлардың да, қазақстандық инвесторлардың да қорқатын ештеңесі жоқ.

Қазақстан үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласы әлі күнге «зерттелмеген аумақ» болып қала бермек.

– Бұл саладағы қолданыстағы нормалар мен рәсімдер не бизнес үшін ауыртпалықтар әкеледі, не керісінше, инвестор үшін өте пайдалы, бірақ мемлекетке пайда әкелмейді, - деп еске салды ҚР Президенті. - Бір сөзбен айтқанда, мемлекет пен инвестордың мүдделері арасындағы теңгерімді сақтау маңызды. «Велосипедті ойлап табудың» қажеті жоқ, озық әлемдік тәжірибені пайдаланыңыз.

5

ҚХП фракциясы МЖӘ туралы заңнамаға арналған өзінің сараптамалық кездесулерінде де өзара тиімді теңгерімнің осы «Кәсіпкер/мемлекет» проблемасын талқылаған еді. Мамандардың айтуынша, өткен жылы бұл сектор айтарлықтай құлдырауға ұшырады. Бұған НҚА-ға тұрақты түзетулер енгізу, шенеуніктердің МЖӘ деген не екенін білмеуі, тіпті оны бизнестің әлеуметтік жауапкершілігімен алмастыру әрекеттері себеп болып отыр.

Отырыста сөйлеген сөзінде Президент мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірінде үлкен рөл атқаратын құрылыс саласын тиімді реттеудің жоқтығын өзекті проблема деп атады.

– Инвесторлар уақыттарын, ақшалары мен қызығушылығын жоғалтады, содан кейін рұқсат құжаттарын алуға қойылатын талаптары жеңіл елдерге кетеді, - деп мысқылмен атап өтті ол.

Қазақстанның құрылыс секторындағы бюрократия әлдеқашан қалыпты жағдайға айналып кеткен. Бұл мәселе ҚХП-ның көптеген іс-шараларында, конференцияларда, алқалы жиындарда талқыланып жүрген тақырып. Мысалы, тұрғын үй кооперативтерінің жүйесін пайдалана отырып, фракция тұрғын үй құрылысының баламалы мүмкіндіктері туралы өз ұсыныстарын ел Үкіметіне бірнеше рет жолдаған болатын.

Құрылыс мәселелерін жаңа Қала құрылысы Кодексі шешуі тиіс еді. Алайда, Президенттің өзі де бұл құжаттың ескі нормаларды қайталайтынын атап өтті.

– Салада үлестік құрылысқа, заңсыз және созылмалы құрылысқа, мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) реформасына қатысты өткір мәселелер жинақталды, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. - Азаматтар үнемі наразылық білдіреді, бірақ уәкілетті органдар тарапынан бұл проблемаларды шешу үшін әзірге пәрменді шаралар жоқ.

Жақында ғана ҚХП депутаттары сарапшылармен бірге қабылданғалы отырған Құрылыс кодексінің кемшіліктері туралы сөз қозғаған болатын.

– Ұсынылып отырған Құрылыс кодексі саланың қазіргі проблемаларын шешу былай тұрсын, керісінше қиындатады, - деді еді ол кезде ҚХП фракциясының басшысы.

Өнеркәсіпте қожайын кім?

7

Квазимемлекеттік секторға (КМС) айтарлықтай реформалар күтемін.

– «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобына мемлекеттің экономикадағы ең үлкен үлесі тиесілі, сондықтан бұл жұмысты солардан бастау керек, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. - Қорды іргелі сауықтыру үшін жаңа жүйелі шаралар талап етіледі.

ҚХП парламенттің өткен сессиясында квазимемлекеттік сектор реформаларын жүргізу бойынша өз ұсыныстарын айтқан болатын. Депутаттар оны Директорлар кеңесінен бастауды ұсынған еді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің квазимемлекеттік сектор (КМС) қызметіне қатысу мүмкіндігін азайту, республикалық субъектілері үшін Директорлар кеңесіне мүшелікке кандидаттар тізілімін құру және жалпы осы процесті регламенттеу мәселелері қаралған еді.

– Мемлекеттік активтерді басқару анағұрлым ашық болуы тиіс, - деп мәлімдеді сол кезде Магеррам Магеррамов. - Ұлттық компаниялардың ресурстарын тиімсіз жұмсау тәжірибесін тоқтатып, жалақы/сыйақы қаражатын бөлудің тиімді әдісін құру керек.

Мемлекет басшысы кәсіпорындардың техникалық жағдайын қатаң бақылауды аса маңызды мәселе деп атады.

– Біздің көз алдымызда инвестор кәсіпорынды жаңғырту, экология, еңбек қауіпсіздігі мәселелерін елемей, тек өз пайдасын ғана ойлаған жағдайдар бар, - деп еске алды Президент. - Қысқа мерзім ішінде шахталарды қалпына келтіру, өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейту, материалдық-техникалық базаны жаңарту қажет.

ҚХП 42 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасындағы апаттан әлдеқайда бұрын Арселор Миттал және жалпы тау-кен металлургия кешенінің барлық ірі кәсіпорындарында қауіпсіздік техникасының бұзылуына қатысты кешенді аудит жүргізуді ұсынған болатын. Ол кезде, өкінішке қарай, парламентарийлердің пікіріне ешкім құлақ аспады.

Үкімет сондай-ақ партияның Қазақстанның ЖЭО-дағы алапат апаттарға дейін бір жыл бұрын елдің коммуналдық-энергетикалық кәсіпорындарына аудит жүргізу туралы ұсынысын елемеген еді. Сол кезде, өзінің депутаттық сауалында, ҚХП фракциясы шұғыл шараларды анықтау және оларды іске асыру үшін энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды ұсынған еді. Өкінішке орай, Үкімет мұндай әрекеттерді орынсыз деп тапты. Қатал қыс кімдікі дұрыс болғанын көрсетті.

– Коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғыртуды жеделдету талап етіледі, - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы. – – Жыл сайын жылыту маусымында сол бір проблемалар қайталана береді. Мемлекеттік органдар қателіктер мен олқылықтардан сабақ алмайды.

Жер мәселесіндегі қайшылықтар

Президент АӨК дамуын түбегейлі тежейтін фактор ретінде жылдар бойы қажетті қаржының жеткілікті бөлінбеуі екенін атады.

– Инвестицияның тапшылығы техниканың тозуына, егіннің бітік және еңбектің өнімді болмауына әкеп соқтырады, - деп түсіндірді ол. - Сондықтан ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржыны барынша, тіпті, мүмкіндік болса, екі есе арттыру қажет. Оған бюджеттен ғана емес, басқа да қаржы көздерінен, соның ішінде екінші деңгейдегі банктерден қаражат тартқан жөн.

Бұған дейін ҚХП ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржыландырумен айналысатын мамандандырылған Аграрлық банк құруды бірнеше рет ұсынған болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігі соңғы кездері бұл ұсыныспен келіскендей сыңай танытқан.

– АӨК қаржыландырудың жаңа тетіктері қажет, - деп есептейді ҚХП депутаты Ислам Сұңқар. - Енді Агробанк қандай болуы тиіс деген сұрақ туындап отыр? Бұл жерде жаңа банк құру мәселесін ғана емес, оған жеке мәртебе беру мәселесін де қарастыру қажет.

8

Алайда, жер мәселесі оны өңдеумен шектелмейді. Қазір Қазақстан экологиясына қоқыс тастайтын жерлер қауіп төндіріп отыр.

– Бұл үшін инвесторларды тарта отырып, ең алдымен ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттар салу керек, - деп тапсырды Мемлекет басшысы, - сондай-ақ қалаларды көгалдандырумен айналысу керек.

Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан депутаттық сауалында да осындай ұсыныс айтты. Мәжілісмен қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) бөлек жинауды енгізу қоқыс полигондарына да, бюджетке де жүктемені екі есе азайтуы мүмкін деп санайды. Сондай-ақ, қалдықтарды жинау жүйесінің ашықтығын жетілдіру, ҚТҚ шығару үшін тарифтеуді қайта қарау және ең бастысы - халық арасында тұтынуға деген ұқыпты көзқарастың жаңа мәдениетін енгізу маңызыд роль атқарады деп есептейді.

– Елді сумен қамтамасыз ету - аса маңызды міндет, ұлттық қауіпсіздік мәселесі, - деп еске салды Президент. - Ең алдымен, су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу керек. Бүкіл ел болып суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Елімізде су тым орынсыз жұмсалады.

9

Алайда, өкінішке қарай, азаматтардың су үнемдеу жөніндегі бастамалары шенеуніктерден түсіністік таба бермейді. Әрине, ҚР Үкіметі 2024-2030 жылдарға арналған ҚР Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту Тұжырымдамасын қабылдады. Елдiң су қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн 20 жаңа су қоймаларын салу және жұмыс iстеп тұрғандар 15 му қоймасын қайта жаңарту, сондай-ақ 14 мың шақырымнан астам ирригациялық арналар мен гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту көзделуде. «Бұл тізімге, мысалы, ҚХП депутаты Ирина Смирнова көтерген Қордай ауданының су қоймалары кіре ме?» деген сұрақ та көкейде тұр. Аудан тұрғындары кеңес заманынан қалған жергілікті су қоймаларын өздері тазартуға рұқсат беруді сұрайды. Тазарту жұмыстары көктемгі су ағызу мен қар ұстаудан суды жинауға мүмкіндік береді.

– Адамдардың қолында осының бәрін қалай жасау жөнінде жобасы да бар, - деп атап өтті Смирнова. - Олар судың тапшылығына жай ғана наразылық танытып отырған жоқ, жағдайды қалай түзету керектігі туралы барлық есептеулері бар конструктивті ұсыныстарымен шығып отыр.

10

Әлеуметтік сала туралы да бірер сөз…

Қазақстанда ерекше назар аударуды қажет ететін мәселе, әрине, әлеуметтік сала болып қала береді.

– Азаматтарға әлеуметтік көмек пен қолдау құрылымдары және механизмдерін толық қайта қарау қажет,- деп тапсырды Мемлекет басшысы. - Өз үйлерінде тұратын және қымбат автокөліктері бар адамдарға емес, шын мәнінде мұқтаж адамдарға қолдау көрсету керек.

Қазақстан Халық партиясы әрбір балаға бірыңғай жәрдемақы енгізу сияқты тетіктерді енгізуді және өзін ақтамаған атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жүйесін алып тастауды ұсынды.

– Қазақстандағы басты әлеуметтік проблемаларының бірі - бұл бұрынғысынша кедейліктің жоғары деңгейі, - деп есептейді ҚХП депутаты Гаухар Таңашева. - Өткен жылы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар саны антирекордтық 1,1 миллион адам болды.

11

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің кемшіліктері туралы ковид пандемиясынан бері айтылып келеді. Алайда, отандық медицинада ешқандай алға басушылық байқалмайды.

– Үкімет медициналық сақтандыру жүйесінің қызметін қатаң бақылауға алуы керек, - деп атап көрсетті Президент. - Бұл жүйе қарапайым әрі түсінікті болуға тиіс.

Сонымен қатар, ол объективті, шынайы болуы тиіс. ҚХП депутаттары қолданыстағы жүйе сақтандыру жарналарын төлеу кезеңінің ұзақтығын мүлде ескермейтінін, бұл нағыз әділетсіз екенін бірнеше рет көтерген болатын. Нәтижесінде, бірнеше жыл бойы жарналарды дұрыс төлеген азаматтар, тіпті кірістерін қысқа мерзімге жоғалтқан жағдайдың өзінде сақтандырылмаған мәртебесіне ие болады. Қазіргі уақытта, заңға сәйкес, жұмысынан айырылған адам МӘМС жүйесінде үш ай бойы есепте болып, медициналық көмек ала алады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мерзімді бір жылға дейін ұзартуға уәде берген еді, бірақ уәде орындалған жоқ.

– Қазір Үкімет айрықша құзыретке ие болды. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдалану керек. Шұғыл түрде тиісті шешімдерді қабылдау қажет, – деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Қазақстан Халық партиясы бұл пікірді толығымен қолдайды. Сонымен бірге, Үкіметтің жаңа құрамымен сындарлы ынтымақтастыққа дайын екенін де мәлімдейді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy