Неліктен параспорт қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылады? Қазақстан Халық партиясының депутаты Кенжеғұл Сейітжан Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтан осы сұрақтың жауабын анықтауға тырысты.
Жуырда вице-министр Мәжілісте Дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі Заң жобасын таныстырды. Заң жобасын Үкімет дене шынықтыру және спорт субъектілерінің қызметін реттеу, оларды нәтижеге қайта бағдарлау және жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында әзірледі. Жобаның жаңалығы спорттың басым түрлерін оларды саралау негізінде емес, ұлттық командалардың Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Пара Азия ойындарында өнер көрсету нәтижелері бойынша қалыптастыру болды.
Дәл осы жерде ҚХП депутаты бір сәйкессіздікті атап өтті. Қазақстандық параспортшылар Гуанчжоуда өткен соңғы Азиадада жоғары нәтижелер көрсетті. Алайда, болашақ чемпиондардың көпшілігі бұл жарыстарға іс жүзінде мемлекеттің қатысуынсыз, демеушілер қаражатының есебінен барған. Оның үстіне олардың жеңіс үшін алған төлемдері де олимпиадалық әріптестеріне қарағанда әлдеқайда аз.
– Жоғары жетістіктерге жетіп отырған параспортты қаржыландыру дәстүрлі спортты қаржыландыру деңгейіне қашан жетеді? - деп сұрады мәжілісмен. - Параолимпиадалық спорт қашанға дейін демеушілердің ғана қаражатымен өмір сүреді?
Бұл сұраққа Серік Жарасбаев түсініксіздеу жауап берді. Елімізде жалпы бюджеті 5 млрд теңгеге жуық параолимпиадалық спортты қолдау орталықтары бар екенін тілге тиек етті.
Мәжіліс депутаты К.Сейітжанның қарсылығына қарамастан, « Бұл жеткілікті» деп мәлімдеді вице-министр.