Кибералаяқтық құрбандары көбейді

dep.jpg

Мәжіліс депутаттары Қазақстан Халық партиясы депутаттық фракциясының онлайн несиеге тыйым салу туралы бастамасын қолдады. Бұл бастама интернеттегі алаяқтықпен күресуге бағытталған.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының депутаты Асхат Рахымжанов та халққа ауыр зардабын тигізіп отырған киберқылмыскерлерге қарсылығын білдірді. Оған қоса ол банк ісін, құқық қорғау және сот құрылымдарын сыбайластық жасады деп айыптады.

«Алаяқтық фактісі анықталған кезде де сот банктердің жағына шығып, жәбірленушілерді несиені қайтаруға міндеттейді. Елімізде алаяқтық жүйелі түрде жұмыс істейді айтуға болады. Алаяқтар жеке деректерге оңай қол жеткізе алады, сот банктерді қорғайды, құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтардың талаптары мен өтініштерін елемейді. Нәтижесінде банктер мен олардың иелері жән оларға осы істерін жүзеге асыруға көмектесіп отырғандар пайдаға кенеледі», - деп атап өтті ол.

Осы ретте Рахымжанов аталған мәселе бойынша жұмыс тобын құрып, барлық ЕДБ келісімшарттарына аудит жүргізуді және олардың банктерін алаяқтыққа қатысы бар-жоғын тексеруді ұсынды. Сондай-ақ жәбірленушілерге несиесін банктер өздері есебінен жабуды міндеттеуді ұсынды. Оның пікірінше, осылайша банктер өзінің ақпараттық жүйелері қауіпсіздігін күшейту жөнінде ойлана бастайды.

«Сонымен қатар ЖСДП фракциясы ҚХП-ның Қазақстанда онлайн беруге тыйым салу туралы айтылған ұсынысын қолдайды», - деп атап өтті депутат.

Сондай-ақ, депутат Бақытжан Базарбек екінші деңгейлі банктердің қызметкерлерін, сонымен қатар ЦДИАӨМ және «ҰАТ» АҚ қызметкерлерінің интернет-алаяқтыққа қатысы бар-жоғын тексеруді талап етті.

– Біздің құқық қорғау органдары онлайн несие саласындағы алаяқтықпен шынымен күресіп жатыр ма? Ақпараттық қауіпсіздік пен цифрландыруды нығайтуға бөлінген миллиардтарымыз қайда кетті? Меніңше, жеке деректердің таралуы, елдегі онлайн несие бойынша алаяқтық, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жоқтығы – министрліктер, ведомстволар мен ұлттық компаниялардағы шенеуніктерінің цифрландыру мен ақпараттық технологиялар саласына бөлінген бюджетті жымқыру мақсатындағы қасақана әрекеттері, - деді мәжілісмен.

Бұған дейін ҚХП парламенттік фракциясының өкілдері елімізде онлайн несие беруге толық тыйым салуды ұсынған болатын.

«Ал азаматтар болса шындық пен әділет іздеп жылдар бойы сотқа дейінгі тергеу органдарының есігін қағып келеді. Оған қоса, жәбірленушілер алаяқтардың кесірінен ұзақ жылдар бойы өздері алмаған несиені өтеуге мәжбүр», - деген еді ҚХП депутаттары.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy