Кітапхана тынысы

dep.jpg

Марракеш келісімін ратификациялау зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалар желісінің қорғауға көмектеседі. Бұл құжат көру қабілеті бұзылған адамдардың баспа ақпаратына қол жеткізуін жеңілдету үшін әзірленген.

Бүгінде Қазақстанда осы санаттағы азаматтарға арналған 1 республикалық, 7 облыстық, 4 қалалық, 3 облыстық әмбебап кітапханалар жанындағы арнайы бөлім, 4 филиал, 112 кітапхана пункті жұмыс істейді. Олардың қорында 39 дисплей мен Брайль қарпі бар 43 принтер бар. Егер осы Шарт ратификацияланса, зағиптар мен нашар көретін жандарға қолжетімді материалдар өндірісі арта түспек.

– Аудиокітаптар, Брайль қарпімен таңбаланған кітаптар және т.б. баспа өнімдері жылына қанша бірлікке артады? Алматыдағы республикалық зағиптар кітапханасында осындай дүниелер шығатынын білемін. Олардың бұл мәселедегі рөлі қандай болады, оларды қаншалықты қаржыландырасыздар?, - деп сұрады ҚХП депутаты К.Сейтжан.

Әділет министрі Азамат Есқараев бұл сұраққа жауап беруге қиналып, бұл салаға Мәдениет және ақпарат министрлігі жауапты екенін айтты. Ол көру қабілеті нашар адамдар үшін қазақ тілінде қолжетімді форматта кітап шығару басты басымдық екенін атап өтті.

«Біз кітапханалар желісін тексеріп, қандай сұраныстар бар екенін анықтаймыз», - деп түсіндірді министр.

Талқылау соңында Кенжеғұл Сейітжан депутаттық корпустағы лауазымды тұлғалар мен әріптестеріне қазақстандық заңнамаға халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған құжатты мақұлдағаны үшін алғыс білдірді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy