Күн тәртібінде: мүгедектігі бар адамдардың мәселесі

Қазақстан Халық партиясы «Мүгедектігі бар адамдардың проблемалары: ақиқат пен перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған министрліктер мен мүдделі ведомстволардың, ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ депутаттар мен сарапшылар қатысты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықованың айтуынша, қазір Қазақстанда ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған Ұлттық жоспардың екінші кезеңі іске асырылуда. Оған әлеуметтік қолдаудың көпдеңгейлі жүйесі, оңалту орталықтары желісін дамыту, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың жәрдемақыларын ұлғайту және олардың қызметшілеріне еңбекақы төлеу т.б. кіреді. Бұл ретте Әлеуметтік Кодекстің алар орны айрықша. Аталмыш Кодекске сәйкес, енді мүгедектігі бар азаматтар шенеуніктерге денсаулығындағы ақауды үнемі дәлелдеп отырудың қажеті жоқ.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің орта білім Комитетінің инклюзивті білім беру басқармасының басшысы Лаура Бутабаеваның айтуынша, аталмыш санаттағы азаматтар жағдай жасалған мектептерде оқиды. Мекемелердің 80%-ы пандустармен қамтамасыз етілген.

– Бізде ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беруді қамтамасыз ету кезінде медициналық бағыттан әлеуметтік-педагогикалық бағытқа көшу мүмкіндігі бар, – деді Бутабаева.

Кәсіптік және техникалық өтініш департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова кәсіптік-техникалық мекемелерде ерекше қажеттіліктері бар студенттерге жеке аудиториялар мен ассистенттер берілетінін баяндады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Нұрбек Сапарходжаев бүгінде ЖОО-лардың 75,5%-ында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасағанын атап өтті.

Бұл ретте ҮЕҰ өкілдері мен ҚХП депутаттары апатты жағдайларда ерекше қамқорлықты қажет ететін азаматтар тасада қалатынын сөз етті. Олардың айтуынша, кедергісіз орта тек бірінші қабатта аяқталады. Салдарынан мұндай студенттер басқа қабаттарда оқу мүмкіндігінен айырылады. Ал шенеуніктер болса, жауапкершіліктен жалтарады. Осы орайда, сурдопедагогтар, тьюторлар жетіспейді.

– Мен барлық министрліктерге айтқым келеді – өз міндеттеріңізді басқа министрліктерге жүктеуді тоқтатыңыз! – деді бұл ретте ҚХП депутаты Кенжеғұл Сейітжан.

Осы орайда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдеріне мәжілісмен кез келген университетке баруды және мүгедектігі бар студенттер үшін оқудың қолжетімділігін тексеруді ұсынды.

– Білім ордаларында мүгедектігі бар азаматтарға толыққанды жағдай жасалмаған деп сеніммен айта аламын! – деп атап өтті Сейітжан.

ҚХП мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді. Алдыңғы шақырылымда фракция Үкіметке бірқатар ұсыныстар пакетін жіберді. Партия фракциясы келесі сессияда да осы тақырыпқа оралуды жоспарлап отыр.

– Мәжіліс жұмысының регламенті бойынша парламенттік оппозицияның бір сессияда екі үкіметтік сағат өткізуге мүмкіндігі бар, – деп еске салды ҚХП фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов шенеуніктерге. – Күзде біз бұрын берген ұсыныстарға қайта ораламыз.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy