Қоғамдық белсенділер Талдықорған маңындағы Қызылтас шоқысындағы бірегей петроглифтерге жойылып кету қаупі төніп тұрғанын айтып дабыл қағуда. Бұл жер әзірше толық зерттеле қоймаған, сондықтан да ресми тарихи ескерткіш мәртебесі жоқ петроглифтердің ірі шоғырланған орны болып тұр. Бір кездері онда тіпті археологиялық саябақ құру да көзделген, бірақ қазір сол ауданда қиыршық тас өндірісіне қажетті диорит өндіретін өнеркәсіп жұмыс істеп жатыр.
«Петроглиф ізшілері» қоғамдық қорының үйлестірушісі Ольга Гумированың айтуынша, өткен жылы белсенділер жергілікті билік пен өндіруші компания арасында диорит кен орнын игеруді тоқтату туралы келісімге қол жеткізген.
– Қазір кәсіпорын жұмысын қайта бастады, - дейді ол. Белсенділер Қызылтас шоқысында жартастағы бейнелерді құжаттандыру арқылы толыққанды археологиялық зерттеу жүргізуге қол жеткізбек.
Бұған дейін Қазақстан Халық партиясының депутаттары Үкіметтен елдің тарихи мұрасы - көне петроглифтерді қорғауды талап еткен болатын.
– Барлық тіркелген 300-ден астам петроглифтердің көпшілігі ішінара ғана зерттелген, - деген болатын ол кезде ҚХП депутаты Ирина Смирнова. - Петроглифтері бар тастар кез келген сәтте қиыршық тас боп өңделіп, қасиетті суреттер тас қоқысқа айналып кетуі мүмкін.
ҚХП петроглифтерге және басқа да археология объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру туралы мәселені заңнамалық түрде шешуді және оларды нақты қорғау жүйесін құруды ұсынды.