Квота көп, кадр жоқ?

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ауылдық квота бойынша жалпы білім беретін гранттарға деген көзқарасын «айрықша таңданыспен» атап өтті. Нәтижесі көзге ұрып тұр, квоталар қалып қояды, алайда, елімізде техникалық мамандықтар бойынша, әсіресе ауылдық жерде кадр тапшылығы күн санап өсіп келеді.

ҚХП фракциясының басшысы, депутат Магеррам Магеррамов осы министрліктің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, өткен оқу жылында ауылдық квота шеңберінде 7771 адам оқуын аяқтағанын атап өтті. Оның ішінде 2606 адам ауылдық жерде еңбек етсе, 3601 адам заң бойынша осы міндеттемені орындаудан босатылды. Мемлекет алдында білім беру қарызы бар 1564 адамның ішінде тек 36 адамға ғана қатысты сот шешімі шығарылған. Ал Мәжіліс депутатының есептеуі бойынша, мемлекетке берешек қарыздың сомасы шамамен 3 миллиард теңгеден астам.

– Алынған деректер құзыретті органның бюджет қаражатына деген жанашырлығының жоқтығын көрсетеді, - деді Магеррамов. - Аталған тұлғалардың берешегін өндіріп алу процесі не себептен созылып жатыр?

Квота бойынша грант алған, бiрақ жоғары оқу орнын бiтiрмеген студенттердiң қарыздары да түсiнiксiз. «Қазақстанда қанша борышкер бар және олардың мемлекетке қарызы қанша?» деген сұраққа ҚР ҒжЖБМ-де жауап бере алмады.

Қазір «жасыл» энергетика, климаттың өзгеруі және су ресурстарын сақтау кадрларына деген қажеттілік өсіп келеді. ҚХП парламенттік фракциясы инженерлік-техникалық мамандықтар, метеорология және статистика бойынша гранттарды қоса отырып, ауылдық квота бойынша білім беру бағдарламаларының тізбесін кеңейтуді ұсынады. Бірақ нәтиже бола ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Өйткені, соңғы үш жылда ауылдық квоталар 16% -дан 35% -ға дейін мүлдем игерілмей қалған, не талапкерлер шекті балдан аса алмаған немесе мүлдем басқа мамандықтарды таңдаған.

– Алайда, бұл мамандықтардың қоғамдық маңызы мен ауылдық жерлердегі сұранысы күн өткен сайын өсіп келеді, - деп еске салды Магеррам Магеррамов. - Уәкілетті орган ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін білім беру бағдарламаларына түсуге талапкерлерді тарту және ынталандыру үшін қандай шаралар қолданып жатыр?


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy