Әлеуметтік осал топ өкілдерінің қордаланған мәселесі қашан шешімін табады?

dep.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келесі жылдан бастап әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін түбегейлі реформалауды көздеп отыр. Ал депутаттар бұл реформалардың сапалы боларына күмәнданатынын жасырмады. Оған қоса, біраз уақыт бұрын Үкімет халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мәселелері бойынша заңнамаға енгізбек болған парламенттік түзетулерді қабылдаудан бас тартқан еді.

ҚХП депутаты Гаухар Танашева бұл бастамалардың қайғылы тағдырын еске салды.

«Заң жобасы халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды арттыруға бағытталған. Науқастарға күтім көрсету, сондай-ақ дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қолдау көрсету үшін құқықтық стандарттар әзірленді», - деп атап өтті депутат.

Өкінішке қарай, Үкімет ұсынылған стандарттар тым көп ресурсты қажет етеді деп, ұсынысты мақұлдамады.

– Үнемі бюджет қаражатының тапшылығын алға тарта беретін болсақ, халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселесі қалай шешілмек? – деп сұрады Танашева.

Бюджетте депутаттардың бастамасына келгенде ғана қаржы тапшы. Алайда, Үкіметтің жеке бастамалары үшін ақша қашан да жеткілікті. Еңбек министрлігінің басшысы Светлана Жақыпованың айтуынша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін толығымен трансформациялау және тиісінше оның сапасын арттыру жоспарланып отыр.

«Бүгінде министрлік Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстардың ауқымды пакетін дайындады. Бұл әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. салалар бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың артық және қайталама функцияларын трансформациялау, цифрландыру және оңтайландыруға бағытталған», - деп нақтылады министр.

Ведомство басшысы заңнамаға енгізілетін үкіметтік өзгерістер пакеті келесі жылдың алғашқы жартысында дайын болады деген болжамын айтты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy