Магеррам Магеррамовты туған күнімен құттықтаймыз!

dep.jpg

Құрметті Магеррам Мамедович!

Сізді туған күніңізбен Қазақстан Халық партиясы атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Біз Сізді жауапкершілігі жоғары, еңбексүйгіш, өз мақсаты жолында табандылықпен күресе алатын нағыз кәсіби маман ретінде жақсы білеміз. Сіз бірнеше жылдан бері ҚР Парламенті Мәжілісінде біздің партиямызды танытып келесіз, ал осы шақырылымда ҚХП фракциясын лайықты түрде басқардыңыз. Партияның дамуына қосқан үлесіңіз де өлшеусіз деп бағалаймыз. Жаңа Қазақстанның заң шығарушылары дәл осындай бастамашыл, сауатты және тәжірибелі болуы тиіс!

Сізге мықты денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз! Алдағы асқақ армандарыңыз бен биік мақсат-мұраттарыңыз орындалсын! Өміріңіз ерек, көңіліңіз сергек болсын! Отбасыңызға бақ-береке, амандық тілейміз!

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy