ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында сөйлеген сөзі - іс жүзінде қазақстандықтар үшін идеологиялық тұйықтан шығуға бағытталған іс-қимыл бағдарламасы. Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов осылай деп есептейді.
– Мемлекет басшысының ҚХА-ның кезекті сессиясында сөйлеген сөзінен біз әділетті болашаққа қарай қозғалудың нақты траекториясын көргендейміз, - деп атап өтті Магеррам Магеррамов. Көптеген этнос өкілдерінің Отанына айналған еліміздің өсіп, өркендеуі жолындағы күш-қайрат бастауы – Бірлік.
Мәжіліс депутаты талайды бірге өткеріп, бүгінгі күнге жеткен барша қазақстандықтардың болашақ қоғам құрылысында да біртұтас болуы тиістігін атап өтті.
– Бірлік, дәстүрлі құндылықтардың мызғымастығы мен жалпыұлттық бірегейлік біздің қоғамымыздың өзегін құрауы тиіс, - деп мәлімдеді депутат.
Тек осындай жағдайда ғана, азаматтық қоғамның барлық институттарының қолдауына ие бола отырып, Президенттің жақында өткен Ұлттық Құрылтайда баяндаған және ҚХА сессиясында сөйлеген сөзінде айтылған Жаңа Қазақстанның жалпыұлттық доктринасы толық күшіне ене алады. Ол көптеген проблемаларды, оның ішінде еліміздің бірнеше өңірін басып қалған ауқымды су тасқынының салдарын жою мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
– Тек ортақ күш-жігерімізбен ғана, «жоғалған уақыт» дәуірі мен «қиял жетістіктеріне» нүкте қойып, халқымыз бетпе-бет келген жалпыұлттық қаралы күндерді жарқын болашақтың бастауына айналдыра аламыз, - деп түйіндеді Магеррамов.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөз сөйледі. Су тасқыны тақырыбы іс жүзінде Мемлекет басшысының бүкіл сөзінің өзегіне айналды. Қ.Тоқаев басты мақсат – табиғи апаттың зардабын жойып, қиындық көрген азаматтарды қалыпты өмірге қайтару болып табылатынын тағы бір еске салды. Президент дәл осы қиын күндері еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі айқын көрініс тапқанын, апатпен күреске өз үлесін қосып, нағыз патриоттық сезім мен ынтымақтастықтың үлгісін көрсеткен азаматтарға шексіз ризашылығын жеткізді.