Мәжіліс Марракеш шартын ратификациялады. Бұл құжатта Шарт көру қабілеті нашар адамдарға (зағип, көру қабілеті бұзылған және т.б.) арналған әдеби және көркем шығармаларға қол жетімділікті жеңілдетуге бағытталған.
«Шарттың мақсаты – кедергілерді шешу және олардың физикалық қабілеттеріне қарамастан барлық азаматтар үшін білім мен жарияланған туындыларға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету», - деп атап өтті Мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде Әділет министрі Азамат Есқараев.
Шарт уағдаласушы тараптардан зағип және нашар көретін адамдар үшін қолжетімді форматтарда жарияланған туындыларды (Брайль; аудиоформат; бейімделуі бар электрондық кітаптар, яғни мәтінді аудиоға, ірі қаріпке аудару мүмкіндігі) жаңғыртуға, таратуға және көпшілікке қолжетімді етуге мүмкіндік беру үшін авторлық құқықтарға қатысты шектеулер мен ерекшеліктердің стандартты жиынтығын көздеуді талап етеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 85 мыңнан астам адам (85 554) көру қабілетінен зардап шегеді.
«Шартты ратификациялау көру қабілетіне сәйкес мүгедектіктері бар тұлғалардың кітаптарға, журналдарға, оқу материалдарына қолжетімділікті кеңейтуге жол ашады. Сондай-ақ, ол қоғамның мәдени және әлеуметтік өміріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге, осындай тұлғаларға қол жетімді форматта жасалған туындылардың даналарымен халықаралық алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Есқараев.
Әдебиетпен мәдени алмасу мәселелеріне ҚХП депутаты Гауһар Танашева қызығушылық танытты.
– Шығармалардың көшірмелерін халықаралық алмасу механизмі қандай болмақ? Бұл жұмысқа қандай мемлекеттік органы жауап береді және бізде халықаралық айырбастауға болатын жұмыстар бар ма?, - деп сұрады депутат.
Әділет министрлігінің өкілі бұл тетік әзірленіп жатқанын және бұл жұмысқа Мәдениет және ақпарат министрлігі жауапты болатынын айтты.
«Біздің елде қолжетімді форматта, әдеби нұсқада мемлекеттік және орыс тілдерінде 250 шығарма бар. Соларды пайдалануға болады», - деп түсіндірді Есқараев.