Медицина саласындағы мәселелер талқыланды

Қазақстан Халық партиясының аймақтардағы филиалдары медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша жүргізілген партиялық бақылаудың қорытындысын шығаруда. Партия мүшелері дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, шара барысында қатысушылар жүйелі мәселелерді шешуге және жалпы денсаулық сақтау қызметін жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлейді.

ҚХП Жамбыл облыстық филиалында «Жамбыл облысындағы медициналық қызмет көрсету сапасы. Проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында жиын өткізді. Оған облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, әкімдік өкілдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен бөлім басшылары, мемлекеттік және жекеменшік клиникалар мен ауруханалардың бас дәрігерлері, облыстық филиал төрағасы Жанат Бастаубаева бастаған партия белсенділері қатысты.

1

2

Шара барысында білікті кадрлардың тапшылығы мен олардың жүктемесі ауыр екені, кейде фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) жоқ шалғай ауылдардағы медициналық қызметтің қолжетімсіздігі, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі және жетілдіру мүмкіндіктері талқыланды.

«Талқылау нәтижелері мен ұсынылған шаралар облыстағы медициналық көмек сапасын арттыру үшін тиісті органдарға беріледі», - деп қорытындылады дөңгелек үстел қатысушылары.

Осындай шара ҚХП Алматы облыстық филиалында да өткізді. Талқылауға партия мүшелері, мәслихат депутаттары, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, медициналық мекемелер мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық өкілдігінің басшылары қатысты.

3

4

Денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген мониторинг нәтижелеріне арналған қорытынды дөңгелек үстел Жетісу облыстық ҚХП филиалының кеңсесінде де өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, денсаулық сақтау басқармасының, фармацевтикалық бақылау басқармасының, ҚР Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жергілікті филиалының басшылары, сондай-ақ Талдықорған қаласындағы емхана директорлары мен облыс жұртшылығы қатысты. Дөңгелек үстел барысында электронды кезекке тұру және ультрадыбыстық, КТ, МРТ сияқты құрылғыларды қолдану арқылы уақытылы тексерудегі қиындықтарға қатысты сұрақтар қойылды. Face Id жүйесін енгізу тіркеуге, дәрігерлердің құзыреттілік мәселелеріне және олардың нақты диагнозды белгілеуіне, емделмейтін, тек ауру белгілерін жеңілдететін дәрі-дәрмектерді тағайындауға қарсы күрес әдісі ретінде талқыланды.

5

«Бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде екі үлкен мәселе бар: қаржыландырудың жеткіліксіздігі және кадр тапшылығы», - деп атап өтті пікірталасқа қатысушылар.

Жетісу облысында қазір бір ғана жақ-бет хирургы бар, бірақ денсаулық сақтау басқармасы өкілінің айтуынша, жақын арада кадр тапшылығы жартылай шешілетін болады.

6

«Жалпы тәжірибелік дәрігерлердің жетіспеушілігі көп жағдайда жауапкершіліктің тым жоғары екеніне байланысты. Адамдармен жұмыс істеу үлкен түсіністікті қажет етеді, сонысымен жас мамандар үшін қорқыныш тудырады», - деп атап өтті партиялықтар.

Облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев қазіргі таңда облыста медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Кадр тапшылығы мәселелерін шешу үшін облыста жаңа жоғары білікті мамандарды даярлауға бюджеттен қаржы бөлінді. Шалғай өңірлерде ауруханалар мен модульдік дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарда бар. Сондай-ақ, ол келесі жылы жаңа заманауи медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу және облыс емханаларын жаңарту жоспарланып отырғанын атап өтті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy