Медицина тегін болуы тиіс

27 ақпанда Мәжіліс депутаттығына кандидат Балжан Досмұхамбетова Атырау облысының пәтер иелері кооперативі қауымдастығымен кездесті.

Басқосу барысында кооперативтер қызметінде орын алатын мәселелер талқыланып, партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Кездесуге қатысушылар партияның зейнеткерлік жасын төмендету және азаматтар үшін тегін медицина қажеттілігі туралы сөз етті. ҚХП бағдарламасында дәрігерлер мен медбикелердің, балабақша тәрбиешілері мен күтушілердің, мұғалімдер мен жаттықтырушылардың мәртебесін көтеру қажет екендігі айтылды.

«Балаларды құтқаратын және тәрбиелейтін барлық адамдар лайықты жалақы мен еңбек жағдайларына ие болуы керек», – дейді ол.

Сондай-ақ, партияның облыстық филиалының өкілдері облыстық балалар ауруханасының ұжымымен кездесті


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy