Медициналық қызмет сапалы болуы керек

1.jpg

Қазақстан Халық партиясынан қалалық мәслихатқа сайланған депутат, ҚХП Астана қалалық филиалының жетекшісі Нұрдәулет Оразханов бас шаһардың дәрігерлермен кездесті.

Қоғамдық тыңдауға дайындық аясында ұйымдастырылған шара «Денсаулық сақтау ұйымдарының мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты сақтау» тақырыбын қамтыды.

Мәслихат депутаты әріптестерімен бірге №2 және №10 қалалық емханаларда, сондай-ақ қариялар мен кейуаналарға протездеу жүргізетін «Дентал Сити» стоматологиялық орталығында болды.

– Біз медициналық мекемелердің қызметімен танысып, ең өзекті мәселелерді анықтадық, – деді Н. Оразханов.

2.jpeg

Дәрігерлердің айтуынша, денсаулық сақтау саласы білікті кадрлардың тапшылығын сезініп отыр. Олар емханалардағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтерілсе және тұрғын үй мәселесі шешілсе, жағдай жақсарады деп санайды.

– Көптеген медициналық мекемелердің инфрақұрылымы жаңғыртуды қажет етеді, – деді дәрігердер.

Мәслихат депутаттары қоғамдық тыңдау барысында кемшіліктерді талқы таразысына салатын болды.

– Біздің басты мақсатымыз – халықтың денсаулығын жақсартуға атсалысу, – деді Н. Оразханов. – Бұл үшін азаматтарға сапалы медициналық қызмет көрсетілуі керек.

ҚХП баспасөз қызметі


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy