Мектепке дайындық қалай, оқушы?

dep.jpg Бір отбасы бір оқушыны мектепке дайындау үшін қанша қаражат жұмсайды? Осы сұраққа Қазақстан Халық партиясының өңірлік филиалдары жауап іздеді.

Зерттеу мен талдау Ұлытау (151 810 т.), Түркістан (142 000 т.), Алматы (118 100 т.) облыстары оқу құралдары қымбат бағамен сатылып жатқан өңірлердің көшін бастап тұрғанын көрсетті. Атырау (104 712 т.), Ақтөбе (102 990 т.), Қостанай (104 075 т.) облыстарындағы ата-аналар бір оқушыға 100 мың теңгеден астам ақша жұмсайтыны анықталды. Шығыс Қазақстан (97119 т.), Батыс Қазақстан (96 830 т.), Маңғыстау (95 990 т.) және Солтүстік Қазақстан (95 420 т.) облыстарының тұрғындары 100 мыңға жетер-жетпес ақша шығындайтыны белгілі болды. Шымкент (88 565 т.), Алматы (83 015 т.) мегаполистеріндегі ата-аналар оқу құралдарын 90 мыңға жуық ақшаға сатып ала алады. Абай (80 170 т.), Қарағанды (79 270 т.) және Жамбыл (74 510 т.) облыстарының тұрғындары бір оқушыны 80 мыңға киіндіреді. Жетісулықтар (64 615 т.), қызылордалықтар (64 290 т.), ақмолалықтар (58 160 т.), павлодарлықтар (54 808 т.) шығындауға тиіс.

Балаларына қажетті оқу құралдары мен киімді дүкеннен емес, базардан алған ата-аналар едәуір қаражат үнемдейді.

Оқу құралдарының нарықтағы ең қымбат бағасы Ұлытау (115 150 т.), Алматы облыстарында (112 833 т.) тіркелді.

Түркістан облысында бұл көрсеткіш - 87 800, Атырау облысында - 87 310, Абай облысында - 85 850 теңгені құрады. Ақтөбе (82 640 т.), Ақмола (82 335 т), Павлодар (69 430) облыстарының базарларындағы баға дүкендегі бағадан қымбат болып шықты. Қостанай облысында ата-аналар оқу құралдарына - 79 170, Солтүстік Қазақстан облысында - 77 575, Жетісу облысында - 76 655, Батыс Қазақстан облысында - 75 095, Маңғыстау облысында - 73 750 теңге санап беруі керек.

Алматы мен Шымкентте мектеп тауарларының нарықтық бағасы 66 890 - 63 959 теңге аралығында белгіленген. ШҚО базарларында оқушыларды жарақтандыруға 61 300 теңге жұмсау қажет. Оқу құраларының ең төмен нарықтық бағасы Қарағанды (58 970 т), Жамбыл (56 182 т) және Қызылорда (55 900 т) облыстарында анықталды.

Орта есеппен бір баланы мектепке дайындау үшін ата-аналар дүкендерге 92 455, базарларға 77 305 теңге қалдыруы керек.

Осы ретте аз қамтылған отбасылар мәселені қалай шешеді деген сауал туындайды.

Киім мен мектепке қатысты оқу құралдарын сатып алу үшін әрбір білім алушыға төленетін төлемнің ең төменгі көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауы тиіс. Жуырда халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 400 мыңнан астам бала материалдық көмекпен қамтылады деген ресми ақпарат шықты. Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, биыл әр оқушыға киім мен оқу құралдарын сатып алуға арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері – 40 567 теңге. Бұл ақшаны алу үшін ата-аналар мектепке өтініш жазып, банк картасының нөмірін көрсетуі керек.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy