ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеті парниктік газ шығарындыларына квоталар саудасын дамыту келешегін талқылады.
Заңнамаға және халықаралық келісімдерге сәйкес, Қазақстан 1990 жылғы деңгейден парниктік газдар шығарындыларын 15% -ға, яғни 2030 жылға қарай 327 млн тонна СО2 азайту бойынша міндеттеме алған. Бұл мақсатқа қол жеткізудің негізгі құралдарының бірі - Шығарындыларды сату жүйесі (ШСЖ) болып табылады. ШСЖ-і парниктік газдардың жалпы шығарындыларының 43% -ын (167 млн тонна СО2) жабады және экономиканың энергетика, металлургия, тау-кен өндіру, мұнай-газ және химия өнеркәсібі секілді 5 секторын реттейді.
Алайда, бар назарын СО2 шығарындыларын азайтуға бағыттаған Үкімет экологияға айтарлықтай зиян келтіретін метан шығарындыларын мүлдем ұмытып кетті. Бұл мәселені Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат Кенжеғұл Сейітжан көтерді.
– Экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу кезінде метанның атмосфераға әсері ескеріле ме? - деп сұрады ол. - Метан шығарындыларымен күресу үшін қандай технологиялар қолданылады?
Өткен жылдың желтоқсанында Қазақстан метан шығарындыларын азайту жөніндегі жаһандық бастамаға - Global Methane Pledge қосылды, оның мақсаты метанды ұжымдық азайту болып табылады. Қазір сарапшылар қоғам белсенділері және ғалымдармен бірге метан қалдықтарын азайту бағдарламасын әзірлеуде.
– Біз метан шығарындыларын азайту жөніндегі бағдарламаны қабылдамайынша, өзіміздің «нөлдік көміртегі ізі» деген мақсатымызға қол жеткізе алмаймыз, - деп атап өтті Үкімет өкілі.