2023 жылғы 1 шілдеде ҚР жаңа Әлеуметтік Кодексі қабылданады. Құжатқа толық болмаса да, Қазақстан Халық партиясының ұсынысы енді.
Ұсынылған бастамалардың бірі – ерекше қажеттілігі бар адамға күтім жасайтын жандардың қызметіне ақы төлеу.
– Жылдар бойы біздің парламенттік фракция мүгедек адамның ата- анасының біріне әлеуметтік қызметкер мәртебесін беруді және жалақы төлеуді талап етіп келді, – деді ҚХП фракциясының басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов. – Ерекше балалардың ата-аналары мен қамқоршылары науқас баламен айналысуға мәжбүр, олар жұмысқа орналаса алмайды, жалақы алмайды. Сәйкесінше зейнетақы жарнасы болмайды. Зейнетке шығар кезде олар не істеуі керек?
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова партияның бастамасы мақұлданып, іске асырылғанын айтты. Әлеуметтік Кодексте «Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға онымен туыстық байланысына қарамастан, тікелей күтім жасайтын жеке тұлға», яғни «Қамқоршы» ұғымы пайда болды. Өкініштісі Сенаттың сүзгісінен өткен құжатқа Мәжілістің бірқатар ұсынысы енбей қалды.
– Шешім жартылай болып шықты, – деді М. Магеррамов. – Мүгедектігі бар балалардың ата-аналары маған тағы да жүгіне бастады, олар бұл мәртебе тек кәмелетке толмағандарға ғана қатысты екенін хабарлады. Яғни 18 жасқа толғандар және одан асқандар.
Бұл шешімнің қисынын түсіну қиын. Мүгедектігі бар бала кәмелетке толмаған болса, оған қамқорлық жасайтын ата-ана зейнетақы жинағын жинақтай алмайды. Яғни іс жүзінде 18 жыл еңбек өтілінен айырылады.
– Әрине қандай да бір ілгерілеудің блғаны жақсы, – деді М. Магеррамов. – Біз бұл мәселені қайтадан көтереміз. Біз осы санатқа мүгедектігі бар кәмелетке толмаған балалардың да ата-аналарын қосуды талап етеміз.