Қазақстан халық партиясы ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты кемсітушілікке үнемі қарсы. Қазақстанда мұндай балалардың мектепке дейінгі білім алу құқығы жиі бұзылатындығын өмір тәжірибе көрсетіп отыр.
ҚХП сайланған депутаты Кенжеғұл Сейтжанның айтуынша, өкінішке қарай, мемлекеттік білім беру саясатын әзірлеуде әдетте мүмкіндігі шектеулі балалардың мүдделері ескерілмейді.
Дүниежүзілік тәжірибеге тоқталған Сейітжан, зағип бала басқа балалармен тең дәрежеде білім алатынын баса айтты. Ол үшін арнайы оқытылған қызметкерлер, қолжетімді орта және мамандандырылған дидактикалық әдіс пен ойын материалдары қажет-ақ. Бірақ елдегі балабақшалар штатында тифлопедагог мамандар қаралмаған.
Инклюзивті білім беруді енгізу кедергісіз ортаны ұйымдастырудың қиындықтарымен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік сипаттағы мәселелермен де бетпе-бет келіп отыр, - деді Сейтжан. Бұл балалардың педагогтары мен олардың ата-аналары арасындағы инклюзивке қатысты психологиялық кедергілер мен кәсіби стереотиптер.
Сонымен қатар, мәжілісмен атап өткендей, ерекше балаларға арналған мектепке дейінгі білім берудің бірыңғай бағдарламасы мен патологияларды ерте анықтау жүйесін құру керек. Бізде егер ата-ана өз баласының бойындағы қандай да бір ауытқуларды байқап көмек сұрай қалған жағдайда, олармен жұмыс жасау орта есеппен 2-3 жастан басталады. Статистикаға сүйенсек, қазір елімізде 150 мыңға жуық ерекше бала ерте араласу және түзетуді қажет етеді. Бірақ біздің дәрігерлер мен мұғалімдер балаларды дұрыс әлеуметтендіру үшін босқа уақыт жоғалтады.