Зағиптар мен нашар көретін жандарға арналған Брайль қаріпі бар кітапхана бір планшетте? Бұл мүмкін! «Альянс-Техносервис» ЖШС оңтүстік кореялық серіктес «Dot Ink» компаниясымен бірлесіп, Қазақстан Халықтық партиясының кеңсесінде, жаңа технологиялық өнім «Dot Pad 320» Брайль қаріпін көрсететін және графикада тактильді дисплейі бар құрылғыны таныстырды. Бұл жиын «Бейіндік мектептерде оқитын балаларға арналған жаңа технологияларды енгізу» тақырыбындағы сарапшылық кездесу аясында өтті.
Шараға осы салаға қатысы бар ведомстволардың өкілдері, атап айтқанда Оқу-ағарту, Ғылым және жоғарғы білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мамандар қатысты.
Еліміз инклюзияны нақты жүзеге асыруға белсенді түрде қатысып, осы бағытта нақты қадамдар жасап келеді және бұл өте жақсы, - деп атап өтті жиынның модераторы, ҚХП-нан сайланған Мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Сейтжан.
Құрылғыны оңтүстіккореялық «Dot Ink» компаниясының вице-президенті Ю Джин Хван кеңінен таныстырды. Ол зағип және нашар көретін адамдарға аталған планшетті пайдаланып білім алудың кең мүмкіндіктері туралы айтты. Аудиокітаптар мен музыка, Брайль қарпін оқу және суретті қолмен сипалап «көру» мүмкіндігі - бұл гаджет функцияларының бірі ғана.
Бұл құрылғының көмегімен зағип жандар тек мәтінді ғана емес, карталарды, диаграммаларды және басқа да иллюстрациялларды тактильді түрде пайдалана алады. Бұл бар мүмкіндіктерді кеңейтетін және оқу процесін жеңілдететін шығармашылық көріністің қуатты құралы, - дейді «Альянс-Техносервис» ЖШС құрылтайшысы Райхан Асқарова.
Кездесуге қатысушылар планшеттің мүмкіндіктерін жеке дара тексеріп көрді және оны жасаушылар дайын үлгіні ұсынды. Ал құрылғыны таныстыру кезінде олар тіпті іс-шара модераторының схемалық портретін де бейнелеп берді.
Министрлік өкілдері құрылғыны бір ауыздан мақұлдап, қабылдады. Демек, жақын арада зағип және нашар көретін қазақстандықтар мектептер мен кітапханаларда осындай планшеттерде жұмыс істей алады.