Төтенше жағдайда мүгедектерге кім және қалай көмек көрсетеді? Мұндай мәселелерді Төтенше жағдайлар министрлігінде кім шешеді? Қазақстан Халық партиясының депутаты, халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің тақырыптық отырысында елдің бас құтқарушысы Шыңғыс Әріновпен осы және басқа да мәселелерді талқылады.
Бұл омбудсмен мен құтқару агенттігінің басшысы арасындағы алғашқы пікірталас емес. Осыған дейін Сейітжан Әріновтен Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандарды төтенше жағдайларға бейімдеу қалай және қашан үйрететілетінін сұраған болатын.
– Мүгедектерді оқытып, оларға ақпараттарды жеткізумен айналысатын адам бар ма? Ондай адам жоқ болса, оны қашан тағайындайсыз?, - деп сұраған еді омбудсмен.
Тәжірибе көрсеткендей, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін нұсқаулық өте қажет. Бұған мысал ретінде қыста Алматыда болған жер сілкінісін келтіруге болады. Мүгедектердің басым бөлігінің өздігінен эвакуациялануға мүмкіндігі болмады, оларға ешкім көмек көрсетпеді, сәйкесінше, олар да мұндай жағдайларда не істерін білмей қалды.
– Төтенше жағдай кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдайды қалай хабарлайсыздар және олар қандай көмек түрін ала алады? – деп сұрады ҚХП депутаты.
Сонымен қатар, Кенжеғұл Сейітжан Төтенше жағдайлар министрлігінде мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғаумен айналысатын кеңесшінің бар-жоғын және департамент Қызыл жарты ай қоғамы сияқты халықаралық қоғамдық ұйымдармен ынтымақтаса ма, жоқ па, соны сұрады.
Шыңғыс Әрінов қазір мәселелер жүйелі түрде шешіліп жатқанын, яғни, бәрі бірден шешілмейтінін атап өтті. Министр жер сілкінісі кезінде мүгедектерді эвакуациялаудағы қателіктің су тасқыны кезіндегі эвакуациялау процесінде қайталанбағанын алға тартты.
«Осы уақыт аралығында мен өзім барлық облысты аралап шықтым. Төтенше жағдайлар департаментінің әрбір басшысы су басу аймағында қанша мүгедек, қанша қарт, қанша жүкті әйел, қанша жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі жан бар екенін, оларға қандай көмек көрсетілгенін, қандай шаралар қолданылғанын жеткізді», - деді Әрінов.
Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы министрлігінде мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғаумен айналысатын кеңесшіні тағайындау мәселесін қарастыруға уәде беріп, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа қатысты мұндай жұмыстардың жүргізіліп жатқанын және Қазақстан олардың озық тәжірибесін сәтті енгізіп жатқанын айтты.