Мүгедектігі бар адамдарды кім қорғайды?

dep.jpg

Үкімет Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжанның мүгедектігі бар адамдарды (МБА) кемсітуге байланысты депутаттық сауалына жауап берді.

– Мүгедектігі бар адамдар өздеріне тиісті қызметтер көрсетуге және оңалту құралдарын алуға, сондай-ақ қажетті сүйемелдеу мен емдеуге өз күштерімен ұмтылуға мәжбүр, - деп мәлімдеді депутаттық сауалда ҚХП депутаты. - Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды қолдау және әлеуметтік қорғау жүйесі түгелімен қайта қарауды талап ететінін шынайы мойындау керек.

Сейітжан МБА құқықтарының бұзылуына қатысты бірнеше мысал келтірді. Сонымен қатар, қорытындылай келе, МБА қызмет көрсету саласында орасан зор қаржы жымқыру әрекеттері болып жатыр, алайда, мемлекеттік органдар мен прокуратураның салғырттығынан, бұл қылмыс құрамы әшкереленбей отыр.

– Мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетудің барлық түрінен - жеке көмекшілерді төлеуде де, инватакси қызметін көрсетуде де, еңбекақы төлеуде де , оңалту құралдарын сатып алуда да қаражатты «үнемдейді», (дәлірек айтсақ, МБА-ды алдауда) - деп атап өтті депутат. – Бір таңқаларлығы, бұл ретте кінәлілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

ҚХП құқықтары бұзылған МБА өтініштерін қайта қарауды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтау үшін әлеуметтік қызмет көрсетудің қолданыстағы жүйесіне аудит жүргізуді, осы саладағы бақылауды күшейтуді және жауапсыз жеткізушілер мен шенеуніктер үшін МБА құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікті арттыруды ұсынды. Осы проблемаларды шешуге МБА үшін әлеуметтік қызметтерді монетизациялау, бәлкім, ақшалай ваучер түрінде және т.б. көмектесе алар еді.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қолы қойылған жауапта МБА құқықтарының бұзылуының жеке жағдайдарына ешкім қызығушылық танытпаған. Есесіне, жауап хатта қазір Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау басталғаны көрсетілген. Жан басына шаққандағы нормативті енгізу жоспарлануда, жеткізушілерге рұқсат беру жөніндегі комиссияларға қойылатын талаптар қатайтылуда, өңірлерде оңалту орталықтарын салу бойынша жұмыс жүргізілуде, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, мемлекет беретін дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардың саны және т.б. ұлғаюда.

«... Жоғарыда көрсетілген барлық шаралар мүгедектігі бар адамдарды (МБА) қолдау және олардың құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шараларды жүйелеуге бағытталған», - делінген жауапта.

Бұдан басқа, Үкімет қазір мемлекеттік сатып алудан мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерді дербес және еркін таңдау құқығын беруге біртіндеп көшу жүргізіліп жатқанын сендірді. Сонымен қатар, МБА үшін жекелеген қызметтерді, атап айтқанда, протездік-ортопедиялық аяқ киіммен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді монетизациялау мәселесі пысықталуда.

Кенжеғұл Сейтжан Үкіметтің жауабын «кезекті шығарып салма жауап» деп атады. Онда хабарланғандардың көпшілігі Әлеуметтік Кодекстің нормаларында көрсетілген, ал іске асыру егжей-тегжейі ұсынылмайды. Ең бастысы, шенеуніктердің басым көпшілігінің МБА құқықтарының бұзылу фактілеріне немқұрайдылықпен қарайтыны депутаттың наразылығын тудырды.

– Егер әлеуметтік қорғау органдары оларды қорғамайтын болса, мүгедектігі бар адамдарға не істеу керек? - деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты.

– Біз заңдар қабылдаймыз, бірақ олардың орындалуы Үкіметке, министрліктерге, әкімдіктерге, атқарушы билікке жүктеледі. Егер олар азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша өздерінің тікелей міндеттерін орындамаса, онда оны кім орындайды? Егер соттар дұрыс шешім қабылдамаса, прокуратура мен полиция әрекетсіз болса, онда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын кім қорғайтын болады? Кім?


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy