Қазақстан Халық партиясы мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік қызметтерді монетизациялау бастамасын көтерді. Осылай болған жағдайда ерекше қажеттілігі бар адамдар шенеуніктер сатып алған сапасыз тауарларды мәжбүрлі түрде пайдаланудан бас тартып, өздеріне қажетті техникалық көмекші компенсаторлық құралдарды таңдау құқығына ие болады.
ҚХП депутаты Кенжеғұл Сейітжан атап өткендей, 2018 жылғы дерек бойынша мемлекет бір жылда мүгедектігі бар бір азаматты қамтамасыз етуге 4,4 млн теңге бөледі.
– Мемлекеттің елеулі қолдауына қарамастан, мүгедектігі бар қазақстандықтар өздерін қажетті медициналық және техникалық құралдармен қамтамасыз етуге мәжбүр, – деді мәжілісмен. – Бұған мемлекеттік қызмет көрсетудің жетілмеген тетігі кінәлі.
Портал арқылы сатып алынатын техникалық, медициналық құралдар сапасыз болады және көп жағдайда мүгедектігі бар адамдардың қажеттілігін өтемейді. Мүгедектігі бар адамдар өзіне қажетті дүниені мемлекеттің қолдауынсыз өз қаражатына сатып алуға мәжбүр.
– Көрсетілетін қызмет ақша ваучері арқылы монетизацияланса, мәселені шешуге ықпал етеді. Бұл мүгедектігі бар адамға өзіне ең қолайлы жабдықты, медициналық құралдарды және басқа да қызметтерді таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша ерекше қажеттілігі бар адамға бөлінетін бюджет қаражаты оны алушының мүддесі үшін мақсатты түрде жұмсалады, – деді К.Сейітжан.
Көрсетілетін қызмет ақша ваучері арқылы монетизацияланса, мәселені шешуге ықпал етеді. Бұл мүгедектігі бар адамға өзіне ең қолайлы жабдықты, медициналық құралдарды және басқа да қызметтерді таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша ерекше қажеттілігі бар адамға бөлінетін бюджет қаражаты оны алушының мүддесі үшін мақсатты түрде жұмсалады.
– Әзірге олар мемлекеттен арнайы жәрдемақы түрінде қарапайым және кепілдендірілген көмек алып отыр. Мемлекеттік қолдау лотереяға ұқсайды. Сәттілік пен сәтсіздік қатар жүреді. Соңғысы жиі кездеседі, – деді депутат.
Қазақстан Халық партиясы фракциясының өкілдері депутаттық сауалды премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдады.