Халықты несие қақпанынан қалай құтқарамыз? Олардың қаржылық сауатын қалайша арттырамыз? Аталған мәселе Мәжіліс қабырғасында талқыланды. Шараға Ұлттық банк басшылары, жауапты мемлекеттік орган қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері мен қатар мәжіліс депутатары қатысты.
Қазір халықтың несиелік жағдайы өте қиындап кетті. Азаматтардың кредиттік берешегі 18 трлн теңгеден асты, 8 млн қазақстандықтың қарызы бар. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов айтқандай мұның басты себебі жылтыраған жарнама, банк талаптарының осалдығы болып отыр. Сондықтан азаматтар қарыз шырмауығына оралып жатыр. -Азаматтардың бірнеше несиесі болуы қалыпты жағдайға айналды. Қарызын төлей алмай жүргендер, несиесін жабу үшін екінші бір банктен кредит алып жүр. -, деді спикер.
Онлайн несие беру мәселесі тіптен ушықты. Интернет арқылы кредит алу азаматтарды одан сайын қарызға батырып жатыр. Мұнда ешбір бақылау жоқ. Микроқаржы ұйымдары болса, қарызданушының несие тарихына, табысына,әлеуметтік мәртебесіне қарамай оңды-солды қаражат береді. Сәйкесінше елде интернет алаяқтар көбейді.
Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке сай 2023 жылы мұндай алаяқтардың әрекетінен 13 мыңнан астам азамат зардап шекті. Олардан келген шығын 11 млрд 355 млн теңгеден асады. Осындай жағдайға тап болғандардың оқиғалары ұқсас. Аялаяқтар аттарына несие рәсімдейді, тіпті азаматтардың депозит есепшоттарынан емін-еркін ақша ұрлайды. Алаяқтықтарды жергілікті сыбайластардың қолдауымен шетелдік қылмыскерлер жасайды деген ақпарат бар.
– Киберқылмыстың заманауи сын-қатерлеріне қарсы тұру үшін 2023 жылдың шілдесінен бастап барлық өңірлерде "CyberPol" мамандандырылған жедел – тергеу тобы құрылды. Биыл алаяқтық пен қаржы пирамида белгілері бар 3 мыңға жуық сайт бұғатталды.- едід ІІМ вице-министрі Игорь Лепеха.
Осы орайда мемлекет несиелендіру және киберқылмыспен күресудің қандай әдістерін ұсынбақшы? Ең алдымен, заң жүзінде несие беру талаптарын қатаңдату. Оның ішінде-төлемге қабілетсіз азаматтарды кредиттеуге тыйым салу, онлайн-қарыздарды қатаң регламенттеу, кредиттер беру шарттарын қайта қарау және жеке тұлғалар үшін кредиттерге пайыздық мөлшерлемесін төмендетуді ұсынады.
Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов бұл ұсынысты қолдайтынын жеткізді. Еске салсақ бұған дейінгі шақырылымда да партияның фракция құрамы осы мәселені бірнеше мәрте көтерген болатын.
– Біз онлайн-кредит алу процесіне қатысты түзету енгізуді ұсынып отырмыз. Қазір мұндай несиелер оңды-солды беріліп жатыр. Ал төлем қабілеті төмен азаматқа несие бергені үшін банк қызметкері жазаланбайды. Зардап шегетін тек қарапайым халық. Аталған мәселені фракция бірнеше мәрте көтерсе де ескерілмей келген еді. Алайда қазір жағдай қиындаған секілді. Осыдан кейін фракция депуттарының ұсыныстары қолдау табады деп сенеміз.
"Біз онлайн несиені тек отбасы мүшелерінің келісімімен беруді ұсындық .Қаржы қауымдастығы болса "Отбасындағы қарым-қатынас әр түрлі болуы мүмкін"деп қисынсыз жауап берген. Сондай-ақ берешегі бар адам қайтыс болса, қарызды отбасы мүшелеріне төлеуге міндеттейді. Осы орайда олардың қарым-қатынасы жайлы ақпаратты да растамайы. Бұл мүлдем дұрыс емес. – деді Қазақстан Халық партиясының фракция басшысы Магеррам Магеррамов.
Сондай-ақ мәжілісмен несие алаяқтарының тағы бір құйтұрқы әрекетін айтып берді. Сөзінше несие алуға барып, өтініші мақұлданбаған азаматтарға бірнеше күнен кейін алаяқтар хабарласады. Бұл артынша қаржылай қиындыққа душар болған азаматтардың одан сайын жағдайын қиындатады.
– Мұндай азаматтың несие алуға өтініш бергенін олар қайдан біледі? Яғни банктердің өзі ішінде алаяқтармен байланыс орнататын қызметкерлері бар деген сөз. Жеке деректі әшкере қылғаны ешкім жауап бермейді. Банктерге клиенттің атына алаяқтар несие рәсімдедіме ол маңызды емес. Қалай болсын несие берешегін өндіріп алуды ойлайды. Ол үшін барлық мүмкіндіктері бар. -, деді депутат Магеррам Магеррамов.
Осы орайда Қазақстан Халық партиясының депутаты азаматтардың қаржылық сауаттылығын ғана емес, құқықтық сауаттылығын дамытуды ұсынды. Фракция депутаттары алдағы уақытта азаматтарды алаяқтардан, жөн - жосықсыз қудалайтын банкирлердің әрекетінін қорғайтын заң тармағына өзгеріс енгізуді ұсынады. Партияның өңірдегі филиалдары қаржы-несие саласында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.