Өртке қарсы ғылым

dep.jpg

Қазақстанның ғылыми жетістіктерін орман өртінің алдын алу және онымен күресу үшін қалай пайдалануға болады? Бұл сұрақтың жауабын Үкімет сағаты барысында Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар анықтады.

Соңғы екі жылда Қазақстан аумағында екі ірі өрт болды. Қостанай облысында шамамен 40 мың гектар, Абай облысында 60 мың гектардан астам орман өрттен жойылды. Мәселенің өзектілігін ескере отырып, депутаттар кезекті отырысты осы мәселеге арнады. Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қатысып, мәжілісмендер алдында атқарылған жұмыс туралы есеп берді.

Орман өрттерінің алдын алу бөлігінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатыр ма? - деп сұрады Үкімет өкілдерінен ҚХП депутаты Ислам Сұңқар. - Бұл салада ғылыми кадрлар мен мамандар жеткілікті ме? Қазір қандай қазақстандық ғылыми әзірлемелер тәжірибеде қолданылуда?

Ерлан Нысанбаев кез келген салада ғылыми тәсілсіз жұмысты ұйымдастыру мүмкін емес деп сендірді. Қазір ғылыми негізде резерваттардың өртке қауіпті учаскелеріне мониторинг жүргізілуде және метеорологиялық деректер негізінде жаңа ағаш, мысалы, сексеуіл отырғызу үшін орындар бөлінуде. Ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, орман алқаптарының айналасында өртке қарсы қоршаулар орнатылады. Ғалымдар таулы орман алқаптарындағы өрттерді сөндіру әдістемесін әзірлеуде, осындай құбылыстардың алдын алу жөнінде ұсыныстар береді. Өртті ерте анықтау және нақтылау жүйелері жұмыс істейді.

Ғылыми қолдау бар, негіздемелер бар, мамандар бар, - деді министр. - Сондай-ақ, біз С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университетпен ынтымақтастықта жұмыс істеудеміз. Бізде орман шаруашылығы мәселелерімен айналысатын ғалымдарымыз арнайы дайындықтан өтетін факультеттер бар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy