Қазақстандықтар зардап шеккендерге қаржылай көмекті келесі реквизиттар бойынша аудара алады: Каспи банк, карта нөмірі: 4400 4301 7615 5676 Коваль Андрей Петровичтің атына +77772243643 телефон нөміріне байланған.
ҚХП Қостанай облыстық филиалы төрағасының басшылығымен еріктілер өрттен зардап шеккен отандастарға азық-түлік, гигиена құралдары мен киім-кешек жеткізді.
Көмек көрсетуге ниет білдірген азаматтар Қазақстан Халық партиясы облыстық филиалдарының төрағаларымен байланыса алады.
Қазіргі уақытта мүлікті қалпына келтіру үшін қажетті көмек пен алдын ала соманы анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Алдын ала бағалау бойынша зардап шеккен азаматтар үйлерді, аулаларды, жиһазды, тұрмыстық техниканы, киім мен аяқ киімді қалпына келтіруді қажет етеді.
Партия мүшелері бір күндік жалақыларын Қостанай қаласындағы өрт салдарынан зардап шеккен отбасыларға көмек ретінде аударды.