Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтау

dep.jpg

Құрметті отандастар!

Баршаңызды ынтымақ пен ырыстың қайнар көзіндей болған Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақ: «ЬІнтымақ қайда болса – ырыс сонда» деген. Ақиқаты сол, достық және өзара сыйластық орын алған кезде ғана ортақ Отанымыз – Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсіп, байлық пен бақ-берекеге кенеледі.

Сонымен қатар 1 мамыр жұмысшылардың халықаралық ынтымақтастық күні. Аталмыш мереке әлемнің 86 елінде ресми аталып өтіледі. Бұл еңбек майталмандарын мадақтайтын, еселі еңбегін бағалайтын уақыт.

Қазақстан Халық партиясы қарапайым жұмысшылардың мәртебесін арттыру мен олардың құқығын қорғауды жақтайды.

Біз әрдайым ынтымақтаса іс қылып келе жатқан кәсіподақ ұйымдарының еселі еңбегін жоғары бағалаймыз.

Біз жаңа Еңбек Кодексін әзірлеу және ең төменгі жалақы туралы халықаралық еңбек ұйымдарының 131 конвенциясын ратификациялау кезек күттірмейтін мәселенің бірі деп білеміз.

Біз ортақ үйіміз – Жаңа Қазақстанда бейбітшілік болғанын қалаймыз!

Біз ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім құндылықтарын сақтай отырып, одан әрі еселей түсуге күш саламыз. Себебі, бірлік – әркімнің үлес қосуын талап ететін қастерлі құндылық. Осынау ақиқатты ұғыну – елімізде бейбітшілік пен берекенің кемелденуіне жарқын жол ашады.

Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, елімізге береке-бірлік тілейміз.

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy