Әр қазақстандық сапалы медицинамен қамтылуы керек

ҚХП төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат, Ирина Смирнова Ақмола облысындағы «ENKI» ЖШС ұжымымен кездесті.

– Партияның мақсаты: Елдің билігі мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі болатын әділетті қоғам құру! Халық өзгерісті талап етіп отыр. Олар әділетсіздік пен заңсыздыққа бұдан әрі мойынұсынғысы келмейді, – деді Ирина Смирнова партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырғанда.

Спикердің пікірінше, әрбір қазақстандық тегін медициналық қызмет көрсету мен тегін білімге қол жеткізуі тиіс. Нақты айтқанда, мемлекеттік мекемелерде (арнаулы орта және жоғары) білім беру мен денсаулық сақтау мамандарын тегін оқыту қажет.

Жастардың басым бөлігі баспанасының болмауының салдарынан отбасын құруға асықпайды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін ҚХП сайлауалды бағдарламасында жастарға 4 пайызбен несие беруді ұсынды. Бұған қоса әйелдердің зейнетке шығу жасын – 58, ал 4 және одан көп бала тәрбиелеп отырған аналарды 55 жасқа дейін зейнетке шығаруды талап етті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy