Құрметті Магеррам Мамедұлы!
Сізді шын жүректен туған күніңізбен құттықтаймыз!
Сіздің жетістіктеріңізге іскерлік қасиетіңіз бен кәсібилігіңіз берік негіз болды. Күрделі міндеттерді жедел шешу, жағдайды дұрыс бағалау және болашақты болжай білу жауапты лауазымыңызда мерейіңізді үстем ете беретініне сенімдіміз.
Ел азаматтары сізді белсенді өмірлік ұстанымы бар жігерлі, жауапты депутат деп бағалайды. Сіз жан-жақты біліміңіз бен кәсіби тәжірибеңіз арқылы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға өлшеусіз үлес қосып келесіз. Сізге денсаулық, табыс және ел игілігі жолында белгіленген жоспарларды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз! Өміріңіз әрқашан шығармашылық шабытқа, пікірлес адамдардың қолдауына, достар мен жақындардың түсінігі мен демеуіне толы болсын!