Құрметті Ермұхамет Қабидинұлы!
«Қазақстан Халық партиясы» ҚБ ұжымы Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды. Сізге зор денсаулық, рухани кемелдік, ұзақ өмір және отбасыңызға амандық тілейміз. Белсенділік пен сәттілік сізді ешқашан тастамасын, арман-тілектеріңіз орындалсын.
Осы жылдар ішінде Сіз еліміздің дамуына табанды үлес қосып келесіз. Халық пен билік арасындағы сындарлы саясатты жүргізу жолында ауқымды шаруалар атқардыңыз. Сіз беделді қоғам қайраткері, принципті саясаткер және жігерлі азамат ретінде халықтың назарындасыз әрі шетелде де лайықты беделге ие тұлғасыз.
Сіз басқан қадам әлеуметтік әділеттілік, теңдік және демократия идеяларын қорғауға бағытталған. Бұл асыл мақсатыңыз жетістік пен жеңіске жетелесін! Сізбен бірге біздің Қазақстан Халық партиясы қазақстандықтардың құрметіне және сеніміне ие болатынына сенімдіміз.
Осы күнге дейін көп нәрсеге қол жеткізілді, бірақ алар асуларымыз әлі алда. Жолымызда жауапты міндеттерді шешуге бағытталған қарқынды жұмыс күтіп тұр. Ол Қазақстан халқының игілігі мен дамуы жолына бастаған қадам. Сіздің басшылығыңызбен біз бұл жұмысты еңсеріп, межелі мақсатымызға міндетті түрде жететінімізге сенеміз!
Құрметпен, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ ұжымы