Қазақстанда құс шаруашылығы ғылыми институттарын қалпына келтіру керек деп санайды Қазақстан Халық партиясы. Бұл тәсіл өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, елдегі ветеринариялық-эпизоотиялық жағдайды жақсартуға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шетелдік өнімге тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді.
ҚХП депутаты Ислам Сұңқардың айтуынша, бұрынырақта елімізде жеке құс шаруашылығы институты жұмыс істеген, республикаға құстың отандық тұқымдары енгізіліп, бірқатар ғылыми-зерттеу институттарында саладағы мәселелермен арнайы айналысатын бөлімдер де болған.
Мұның барлығы кезінде Кеңес Одағының ыдырауымен тарап кетті. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғана жұмыс істеп тұр. Жойғалғандарын қалпына келтіруге, кадр мәселесін де шешуге болады, себебі қажетті техникалық база сақталған. Қазақстан құс өсірушілер одағының мәліметінше, мемлекет асыл тұқымды құс шаруашылығын жандандыруға және дамытуға ұмтылмай отыр, ал жеке меншік иелері қажетті қауырсынды «өнімдерді» импорттауға мәжбүр.
– Жыл сайын республиканың құс фабрикалары орта есеппен 7 млн 700 мың бас тәуліктік балапан мен асыл тұқымды репродуктор және 67 млн 700 мың дана инкубациялық жұмыртқа әкеледі, - деген мәжілісмен шенеуніктердің бұл салаға немқұрайлы әрекет танытып отырғанын осындай мысалдармен нақты келтірді.
Қазақстан Халық партиясы мемлекеттің қолдауымен құс шаруашылығын асылдандыруда ғылыми орталық құруды, сондай-ақ құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын қалпына келтіруді ұсынып отыр.