Спорт саласындағы дау

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар Қ.Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің басшылығымен және еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Бүгінгі таңда елімізде мемлекет бюджетінен шамамен 180 түрлі спорт түрі қаржыландырылады. Мектеп қызметкерлерінің пікірінше, бұл тым көп, мысалы, еуропалық елдерде мемлекеттік қолдауға тек 15-20 спорт түрі ғана ие болады, қалғандары өз бетінше, федерациялар есебінен және т.б. жолдармен дамиды.

1

– Әрине, олимпиадалық спорт түрлері мен кешенді іс-шаралар осыған байланысты зардап шегеді, - деп атап өтті кездесуге қатысушылар.

2

Олар олимпиадалық емес «бәсекелестер» үшін бюджеттік қаржыландыруды қысқартуды, ал қысқарған қаражатты «олимпиадашылардың» пайдасына қайта бағыттауды ұсынды.

– Қорытындысында барлығы олимпиадалық құрамалардың нәтижесіне қарайды, - деп айтылды пікірталас барысында. - Бұл Олимпиада, Азиада және т.б. ойындарға қатысу. Қалған спорт түрлері елдегі спорттың даму деңгейін бағалау өлшемі болып табылмайды.

3

Сондай-ақ, негізгі лауазымдық жалақыға атақтар үшін қосылатын үстемеақылар бойынша сұрақтар да қызу талқыланды. Бүгінде спорт шеберінің «атағы» үшін үстемеақы бар, ал ең жоғары дәреже - еңбек сіңірген спорт шебері үшін ешқандай қосымша төлем қарастырылмаған. Спорттық мектеп оқытушылары бұл әділетсіз деп есептейді. Бұдан басқа, жалпы осындай үлгідегі барлық спорт мектеп-интернат-колледждерінің мәртебесін арттыруды қарастыру ұсынылды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy